» » Жамбыл облысында білім беру нысандарының құрылысына 6,4 млрд теңге бөлінді

Жамбыл облысында білім беру нысандарының құрылысына 6,4 млрд теңге бөлінді

 Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 20-білім беру нысанын салу үшін Ұлттық қордан 6 млрд 400 млн теңге бөлінді. Бұл туралы аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев облыстық маслихат депутаттарымен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына арналған есепті кездесуде мәлімдеді деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.Дереккөз:egemen.kz.
 Оның айтуынша, білім беру саласында 97,9 млрд теңге қарастырылған. Аймақта 300 балабақша мен 151 шағын орталық жұмыс істейді, олар 48 мың баланы мектепке дейінгі біліммен қамтып отыр. Ал, 72 балабақшада МЖӘ аясында 6445 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, облыста үш тілді білім беру кешенді жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, спортты дамыту үшін 6,5 млрд теңге бөлінді. Өңірдегі спорттық нысандардың жалпы саны 2026 жетті. Облыс әкімдігінен хабарлағандай, мәдениет саласына 4,8 млрд теңге қарастырылған. Аймақ басшысы атап өткендей, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Жамбыл облысының ұлттық күндері өте жоғары деңгейде өтті.   Сондай-ақ, жұмыспен қамту шараларымен 16 мың адам қамтылды, оның ішінде 7762 азамат бос жұмыс орнына орналастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін 1,3 млрд теңге бөлінді. Денсаулық сақтау саласына 55,8 млрд теңге бағытталды. МӘМС жүйесін енгізу бойынша арнайы штаб құрылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
04 тамыз 2017 г. 1 947 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 123 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 861 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031