» » Маңғыстау мектептерінде «5, 4, 3» деген дәстүрлі баға қойылмайды

Маңғыстау мектептерінде «5, 4, 3» деген дәстүрлі баға қойылмайды

 Маңғыстауда 1, 2, 5, 7-сынып оқушылары қыркүйектен бастап жаңартылған бағдарламамен оқиды. Енді аталған сыныптарда «5, 4, 3» деген баға болмайды, оның орнына «мақсатқа жетті», «мақсатына талпынып жатыр», «қанағаттандырарлық» деген секілді бағалау жүйесі енгізілмек. Бұл туралы бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен тамыз конференциясында айтылды
  Конференцияда НЗМ ұстаздары облыс мұғалімдеріне бағалау жүйесінің жаңа тәртібі туралы тәжірибелік сабақ өткізді.  НЗМ директорының кәсіптік сынама жөніндегі орынбасары Ринат Жұмабаевтың айтуынша,  жаңа бағалау жүйесі балалардың оқуға ынтасын арттырады. «Әзірге орта мектептер ішінен 1, 2, 5, 7- сынып оқушылары арнайы таңдалып отыр. 2019 жылға дейін мектептегі барлық сыныптар осы бағалау жүйесіне көшеді», - дейді ол.  Жаңа бағалау жүйесі туралы НЗМ директоры Ермек Пайзов кеңірек түсіндірді. «Сыни бағалау жүйесі 2-ге бөлінеді: сабақ үстіндегі қорытынды бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау. Қорытынды бағалау - бұл күнделікті сынып жұмысы барысындағы бағалау. Баға оқушыларға сандық белгі ретінде емес, оқушылардың жұмысына ұсыныстар ретінде беріледі: не жақсы істелді, қай жерде қате жіберілді, оны қалай түзету керек. Мұғалімнің бағалау ұсыныстары баланың оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, оқушының оқу көзқарасына жағымды әсер етеді. Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқудан кейін немесе белгілі оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда жүргізілетін бағалаудың жинақтаушы түрі», - деді ол. Сондай-ақ  тілдерді оқыту барысында «тыңдалым», «айтылым», «оқылым» және «жазылым»  сияқты әдістерді қатар қолданады.

Дереккөз:www.inform.kz

15 тамыз 2017 г. 4 953 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930