» » Жаңаөзенде директор хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

Жаңаөзенде директор хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

 Жаңаөзенде мектеп директоры хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойды. Мектап басшысы шағымын айтқан ата-аналарға түсініктеме жазып берді.Бұл туралы stan.kz хабарлады.

 Мектеп директорының шешіміне келіспеген ата-аналар шағымын айтты. Олар директордың сөзін видеоға түсіріп алды. Ата-аналар ҚР заңына сәйкес кез келген баланың орта білім алуына құқығы бар екенін алға тартты. Ал, мектеп директоры хиджабтың бұйрыққа сәйкес келмейтінін айтып, мектепке кіргізе алмайтынын жеткізді.

“Мен сіздерге жазбаша түрде түсініктеме жазып бердім. Сондықтан бұдан әрі қарай осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыздар. Мен балаларыңызды мектепке кіргізе алмаймын”, – деді мектеп директоры.

Инстаграм желісінің “Өмірлік кеңес” тобында Атырауда мектепке 200-ге тарта оқушының хиджаб киіп келгені жазылған.

 
12 қыркүйек 2017 г. 17 367 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 949 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 083 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031