» » Ақтөбеде тағы бір орамал тағатын оқушы директордың үстінен арыз жазған (фото)

Ақтөбеде тағы бір орамал тағатын оқушы директордың үстінен арыз жазған (фото)

 Кеше Ақтөбе қаласындағы №20 мектепке орамалды оқушының ата-анасы полиция шақырды. 11 сынып оқушысы Арунаның сабаққа кіре алмай жүргеніне бес күн болған.

«Қызым 1-сыныптан бастап осы мектепте оқиды. Қазір орамал мәселесіне қатысты қиындықтар көріп жатырмыз. Қызым бес күннен бері сабағына кіре алмай жүр. Барлық бағдарламаларынан қалып қойды. Бүгіннен бастап қорғаушы жалдадық. Директордың үстінен сотқа жүгінетін боламыз.

Мектепке полиция шақырып едік, жасөспірімдер инспекторы арызымызды қабылдаудан бас тартып, бөлімшеге барып жазуымды сұрады. Айтуынша, ол тек мектептегі төбелеске ғана келеді екен. Енді мен баламның құқын шектегені үшін директордың үстінен сотқа шағым түсіретін боламын», — дейді Құмарбек Набиянов.

Орамал таққан қызының құқын қорғау үшін қорғаушы да жалдап алған Құмарбек Набиянов істі ақырына дейін жеткізуге бел буыпты.

Ақтөбедегі №20 мектепке орамал тағып келетін жалғыз оқушы бар. Мектепке келген жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторының айтуынша, орамал мәселесіне қатысты полиция бөлімшесіне 5-6 арыз түскен.

Дереккөз:NUR.KZ.
20 қыркүйек 2017 г. 3 902 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 181 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031