» » «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбында республикалық байқаудың үшінші облыстық кезеңі өтті

«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбында республикалық байқаудың үшінші облыстық кезеңі өтті

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның  2017 жылы 23 мамырдағы №15-7-08-01-29-576 хаты негізінде 18 қазан күні «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбында  мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған Республикалық байқаудың үшінші облыстық кезеңін өткізді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Байқау мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату мақсатында ұйымдастырылды. 

  Облыстық байқауға  жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Олар жоба жұмыстарында ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибелері мен шығармашылықтарын көрсетті.

Байқаудың үшінші облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің математика пәні оқытушысы Жумашев Жансейт Карасаевичтің жұмыс жобасы байқаудың төртінші республикалық кезеңіне жолданды.

23 қазан 2017 г. 4 429 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 827 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930