» » Павлодардағы Креатив-бой

Павлодардағы Креатив-бой

 Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылғы 28 қазанда мектеп командалары арасында «Креатив-бой» облыстық желілік топтық зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға 10 команда, құрамында Павлодар облысы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-9 сыныптарынан 40 оқушы  қатысты.

   «Креатив-бой»  желілік топтық зияткерлік ойыны 2 турдан тұрады: 1 – іріктеу, 2 – қорытынды. Екі турда командалар 4 есептен шығарды.

  Ойын қорытындысы бойынша І орынға  Павлодар қ. №39 орта мектебінің «Smart» командасы, ІІ орынға –  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының  «Квадро» командасы, ІІІ орынға –  дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация»  лицей-интернатының «Anti-matter» командасы ие болды.

  Баянауыл ауданы Майқайың №2 орта мектебінің «Шешушілер» командасы, дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының «Dream Team» командасы,  дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Konst» және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командалары белсенді қатысқаны үшін  Алғыс хат алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және дипломдармен  марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат, сыйлық және тәтті жүлделер берілді.

Облыстық ойынның жеңімпаз командасы 2018 жылғы наурыз айында Ресейдің Пенза қаласында өткізілетін «Креатив-бой» халықаралық топтық-зияткерлік ойынына қатыса алады.

30 қазан 2017 г. 3 127 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 921 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031