» » Жас зерттеушілер конкурсы

Жас зерттеушілер конкурсы

 1-7 сынып оқушылары арасындағы  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі 2017 жылғы 3 қарашада өткізілді.

Зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылардың белсенділігі жыл сайын артуда. 2016-2017 оқу жылы «Зерде» облыстық конкурсында 372 қатысушы болса, биыл қатысушылар саны 399-ге дейін өсті.

Конкурстың қорытындысы бойынша 161 жобаның авторы (200 қатысушы) жеңімпаз бен жүлдегер атанды, оның ішінде 1-ші орында 17 жобаның авторы (22 қатысушы), 2-ші орында – 50 жобаның авторы (67 қатысушы), 3-ші орында – 93 жобаның авторы (111 қатысушы).

 Алғыс хаттармен 12 ең жас зерттеушілер - 1 сынып оқушылары ынталандырылды.

«Ең үздік бақылау» номинациясымен Павлодар қ. №25 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Касым Кәрім және Качир ауданы Песчан №2 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Филимонова Виктория; «Ең жақсы эксперимент» - Павлодар қ. №39 орта мектебінің 3  сынып оқушысы Тузовская Варвара және Павлодар қ. №22  орта мектебінің 1 сынып оқушысы Муратова  Ясмин; «Мәселені  нақты ашқаны үшін» ­- Павлодар қ. №25 орта мектебінің 5 сынып оқушыы Сапарбек Ақжүніс, Ертіс ауданы Қараағаш орта мектебінің 5 сынып оқушысы Тасбулатова  Жұлдыз, Баянауыл ауданы М.-Ж.Көпейұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Рахымтай Нұрасыл; «Ең шығармашыл топ» - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 және 7 сынып оқушылары Кабиденова Дарина, Маймақова Айымгүл,  Сейіт Омар, Токтыбаев Даулеткали, Павлодар қ. №32 орта мектебінің 6 сынып оқушылары Куприянов Артем және Аюпов Александр,  Ақсу қ.  Ақжол орта мектебінің 6 сынып оқушылары Қуанышулы Али-Барс  және Алтынбек Айым, Павлодар қ. №25 орта мектебінің 2 сынып оқушылары Аубакиров Амир мен Аубакиров Ануар марапатталды.

«Жобаның үздік жетекшісі» номинациясын дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының мұғалімі Валова  Мария  Валерьевна,  Павлодар қ. №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі Проскурина  Елена Валерьевна, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Текенов Арыстан Анатольевич, Ертіс ауданы №4 орта мектебінің мұғалімі Сматаев Канат Агбаевич, Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің мұғалімі Сарсембекова Куляш Амантаевна иеленді.

Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің, Ы. Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының,  Абай ат. №10 лицей-мектебінің,  Павлодар қ. №№21, 9, 25, 39 орта мектептерінің оқушылары жоғары қатысу рейтингін көрсетті.

Облыстық кезең жеңімпаздары республикалық конкурсқа жолдама алды.

08 қараша 2017 г. 1 355 0

Жаңалық тізбесі

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031