Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам
Қарағанды қаласында 2017 жылғы 2-5 қараша күндері М.Нурмаков атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсы өтті.
Республикамыздың барлық өңірлерінен конкурсқа 160 бала қатысты. Павлодар облысының намысын жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 9 оқушы қорғады.
Конкурс қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдарымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Ғумран Әлімжан және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатынын 8 сынып оқушысы Еренгаип Қобланды марапатталды.
Қазылар алкасы оқушылардың зерттеу жобаларына жоғары баға беріп, балаларға техникалық модельдеу бағыттағы жұмыстарын жалғастыруды және келесі жылы Алматы қ. өтетін конкурсқа қатысуды ұсынды.