Таяу күндері педагогтардың төл мерекесі – Ұстаздар күні атап өтілмек
Таяу күндері педагогтардың төл мерекесі – Ұстаздар күнін атап өтіледі, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді.
Алты жыл ішінде конкурсқа 27556 мұғалім қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 304 мұғалімі жеңімпаз атанып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы мен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері болып танылды.
Ағымдағы жылы «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім саласы педагогтарынан 109 құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түсті.
2018 жылғы 19 қыркүйекте министрлікте «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын бастады.