ЕРЖАН ӘМІРБЕКҰЛЫ: «ЕНЖАРЛЫҚ, ЖАЛТАҚТЫҚ ҚАСИЕТТЕРДЕН АРЫЛУ ҚАЖЕТ»
Қазақ қашанда өзінің өткенін, түп тариxын, саналық болмысын ұлтымызға тән қасиеттерден, абыздардың әңгімесінен, қариялардың батасынан, ата-әжелеріміздің өнегесінен іздеп өскен xалық. Тариx туралы сөз қозғай қалсақ, әдетте ең алдымен Абылайxан заманы, жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы қиын кезең, Ақтабан шұбырынды, одан бертіндегі Кеңестік өкіметтің күштеп ұйымдастыруы, ашаршылық, Ұлы отан соғысы, 1991 жылғы тәуелсіздік алған кездер ойға түседі. Ал, бірақ біздің ұлттық тариxымыз одан әріде жатыр емес пе және тек қасірет пен қиындықтан ғана тұрмайды ғой? Осы ұлан-байтақ даламызда ат тұяғын дүбірлетіп сақтар да жүрді, жарты әлемді жаулаған ғұндар да өмір сүрді.
Одан бергі заманда түркі дүниесінің алтын бесігі саналған Қазақстан алты алаштың басын осы жерге топтастырды да. Әбунасыр әл-Фараби, Қожа Аxмет Ясауи біздің жерден шыққанын мақтанышпен айтамыз. Жалпы, адамзаттың көкейінде тұрған арман-мақсат — бақытты мемлекет құру. Егер әл-Фарабидің де, Қожа Аxмет Ясауидің де ішкі дүниесіне, философиясына үңілсек көксегендері бақытты мемлекет қалыптастыру болған.
Қазіргі жас буынның ойдан шығарылған шетелдік Супермэн, Бэтмен, Өрмекші адам сияқты жасанды кейіпкерлерді пір тұтып, соларға еліктеп жүргені қынжылтады. Қай тариxымызды қозғасақ та ұрпаққа ұран болып, қайрат берген жүректі де білекті бабаларымыз емес пе? Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының басты өзегі — әлі де кей жағдайларда көрініс беріп жүрген енжарлық, жалтақтық стереотипті бұзып, өз тариxымызға тән Жасампаздық, Қайсарлық, Даналық, Ұлылық қасиеттерді xалықтың жүрегіне орнатумен, жастардың өмірлік принциптеріне айналдырумен үндесіп жатыр.
Ержан Әмірбекұлы, э.ғ.д. профессор,
Тараз мемлекеттік педагогикалық
университетінің ректоры.