» » «Мектепке жолды» шоуға айналдыруға жол бермейміз — ҚР БҒМ

«Мектепке жолды» шоуға айналдыруға жол бермейміз — ҚР БҒМ

  Биыл былтырғыдай «Мектепке жол» аясындағы қайырымдылық iстерiн жарнамалауға жол бермеймiз.


Бұл туралы Астанада брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдiкәрiм айтты деп Baq.kz. сайтына сілтеме жасап kaz.365info.kz хабарлады.

Былтыр аз қамтылған отбасы балаларына көмек салтанатты түрде жасалған. Көмектiң көпшiлiктiң көзiнше көрсетiлуi ата-аналар тарапынан наразылық тудырған болатын.

«Былтырғы жылы сондай оқиға орын алды. Кейбiр өңiрлер көмек көрсетуде жөнсiз кеттi. Олар көмектi барынша жария етiп, салтанатты түрде жасауға тырысты. Әрине бұл көптеген балалар мен отбасыларға ұнамады. Менiң ойымша, бұл дұрыс емес, олай жасауға болмайды.

Сондықтан, бiз былтыр салтанатты жиындарда жария түрде көмек көрсетiлмеу керек деген нұсқаулық хаттарды әдейiлеп жолдадық. Себебi, бұл баланың намысына тиедi. Бiз биылғы жылы да осы мәселеге аса үлкен мән беремiз. Егер бiз әкiмдiктер немесе басқа бiреулер қайырымдылық iсiн жарнамалағысы келетiнiн бiлсек, түсiндiру жұмысын жүргiземiз немесе бұған мүлде жол бермеймiз. Себебi, бұл дұрыс емес», — дейдi Мәншүк Әбдiкәрiм.

Атап өтсек, биыл «Мектепке жол» аясында елiмiзде 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек. Ал былтыр 320 мыңға жуық оқушыға 2 млрд 468 млн 785 теңге көлемiнде қолдау жасалған екен.

01 тамыз 2017 г. 3 252 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 219 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031