» » Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS-тің күн тәртібінде

Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS-тің күн тәртібінде

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мерейтойлық Наурыз кездесулерін тарих деп айтуға болады. Дәстүр бойынша әрбір кездесу ғылымдағы стратегиялық басымдықтарға арналады. Ал биыл «Планета және пластик» адамзат экомәдениеті» тақырыбында жер шарының жасыл әрі таза болашағына арналып, адамзат күн тәртібіндегі жаһандық мәселелер көтерілді. Негізгі тақырыптың өзектілігі спикерлердің бірі, аты аңызға айналған National Geographic фотографы Мэнди Баркердің мұхиттардың пластик қалдықтарымен ластануының фотомониторингімен танымал болған деректі хроникасымен расталды.

Пандемия салдары биылғы Наурыз кездесулерінің ұйымдастырылуы мен бағдарламасына өзгерістер енгізді. Жас ғалымдар қашықтан форматында ZOOM плафтормасы мен Youtube каналында кездесті, дәстүрлі байқаудың орнына тақырыптық вебинарлар мен тренингтер әзірленді, ал экоботтарды құрастыру бойынша PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Ә.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтының, Сәтбаев Университетінің робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының ғылыми қызметкері, мехатроника, бағдарламалау және машинажасау саласындағы сарапшы Азамат Ешмұхаметовтың жетекшілігімен өткен командалық жұмыс бағдарламаның басты шарасы болды.

Спикерлердің көпшілігі күн сайын пластикалық қалдықтар мен планетаны сақтаудың практикалық мәселелерімен айналысатын отандық экологиялық құрылымдарды ұсынды.

Ал кездесудің басты тұстары еш өзгеріссіз қалды. Зерттеу жүргізуге құштарлық, жас ғалымдардың батылдығы, тамаша теориялық дайындық, жаңа жобаларға шабыт беретін командалық рух – барлығы сол қалпында сақталған. Дәл осы наурыз кездесулерінің сабақтарын Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан Мирас Бұзақанов пен Павлодар облысының Май ауданынан Анель Жұмағазинова айрықша атап өтті, олар жалпы білім беретін мектептердің басқа оқушыларымен бірге NIS-пен достасқандарына қуанышты.

Наурыз кездесулерінің әрбір қатысушысы Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры, National Laboratory Astana, Biosensors and Boinstruments Laboratory басшысы Даниэль Тозидің электрондық мекенжайын өз мұрағаттарында сақтайтын болады.  Стэнфорд университетінің зерттеуіне сәйкес, Даниэль Този NU сегіз профессорының қатарында әлемдегі ең ықпалды ғалымдардың 2% тізіміне енеді.

Профессор Този Наурыз кездесулерінде пластикалық оптикалық-талшықты датчиктердің тарихына, олардың химияда, медицинада және басқа салаларда қолданылуына талдау жүргізіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, ал қосымша сұрақтар үшін электрондық поштасын қалдырды.

Open Mind Technologies IT компаниясының басшысы, Rocket Plastic негізін қалаушы Данияр Бакимов NIS оқушыларын өз командасына шақырды. Rocket Plastic тұрақты даму концепциясы шеңберінде 2018 жылы құрылды:

– Бүгінде жер шарында пластиктің тек 10% екінші рет пайдаланылады, сондықтан біз оны өңдеу бойынша әртүрлі қалаларда шеберханалар құра бастадық, бүгінде олар Көкшетау, Қарағанды, Қостанай және Алматы қалаларында ашылған, ал Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да біздің технопарк жұмыс істейді.

Даниярға бағытталған сұрақтардың көпшілігі Наурыз кездесулеріне қатысушылардың азаматтық ұстанымы мен экологиялық жауапкершілігін айқындай түседі. Пластик қалдықтарын қайда тапсыру керек? Қалай экоерікті болуға болады? Пластикті үй жағдайында қайта өңдеуге бола ма?

Наурыз кездесулерінің басты оқиғаларының бірі ретінде «Пластиктің екінші өмірі» экологиялық челленджін атауға болады, еріктілер қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша табысты жобалар жасап, іске асырды. Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1500 килограммга жуық қақпақ жинады. Бұл 170 000 мыңнан астам қаражат, зияткерлер оны кішкентай Артём Шемякиннің еміне аударды.

Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Виктор Кахно мен Валерия Кимнің айтуынша, пластиктің екінші өмірі адамға да екінші өмір сыйлай алады, жануарларды құтқарып, табиғатты сақтауға көмектеседі. «Соңынан жақсы іс қалдыр!» жобасы арқылы жас робототехниктер пластикті қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың  баламасын ұсынды. Адамзатты пластик жинауға шақыру үшін оқушылар бөтелкелерді қабылдауға арналған роботтандырылған терминал ойлап тапты. Ерекшелігі – терминалға салынған әр пластик бөтелке үшін автомат қамқорсыз қалған жануарларға тамақ береді.

Терминалда жүктелген нысанды тани алатын және қоқысты бастапқы сұрыптауды орындай алатын нейрондық желі орнатылған компьютер бар, ол пластикті және пластик емес қоқысты ажыратады, кейін жиналған пластик қайта өңдеуге жіберіледі.

 Онлайн формат Наурыз кездесулерінің шексіз ғылым мен шабыттың мерекесі екенін айқындай түсті. Ресми жабылу рәсімінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова болашақ пен елді құрайтын бүгінгі өскелең ұрпақ планетаны таза және жасыл қалпында келесі ұрпаққа табыстауға жауапты, сондықтан экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу әрқашан NIS-тің стратегиялық басымдықтарының қатарында екенін атап өтті.
26 наурыз 2021 г. 4 651 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 584 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930