» » Ұлттық білім академиясының президенті жұмыс сапарымен Түркістан және Маңғыстау облыстарына барды

Ұлттық білім академиясының президенті жұмыс сапарымен Түркістан және Маңғыстау облыстарына барды

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жұмыс сапарыменТүркістан және Маңғыстау облыстарына барды.

Жұмыс сапары аясында Академия президенті екі облыстағы әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, сондай-ақ аудандық, қалалық және облыстық оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлерімен олардың қызметіндегі мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Бұған дейін аппараттық жиналыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әдістемелік кабинеттердің нақты міндеттерін бекіту және олардың жұмысын бір жүйеге келтіру бойынша тапсырма берген еді.

Ұлттық білім академиясы әдістемелік кабинеттердің қызметіне жетекшілік ететін орган болып табылады.

«Өңірлік әдістемелік кабинеттердің ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі мен регламенттеуші құжаттары біріздендіруді талап етеді, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын күшейту қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Білім басқармаларының, аудандық, қалалық, облыстық оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдерімен,  университет ректорларымен және білім беру саласының басқа да өкілдерімен  кездесті. Кездесулерде әдістемелік орталықтардың мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.

«Бүгінгі күні әдістемелік орталықтар өз аймақтарында педагогикалық инновация мен заманауи озық тәжірибелерді таратудың орталығына айналуы тиіс.Ол үшін талқыланған барлық мәселені шешу қажет және біздің іс-сапарымыз оғаналғашқы қадам болады деп сенемін»,– дедіҰлттық білім академиясының президенті.

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаттарына қатысып, өзекті сұрақтарға жауап берді.

15 қыркүйек 2021 г. 3 115 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 714 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930