» » Мерекеңіз құтты болсын, ұлағатты ұстазым!

Мерекеңіз құтты болсын, ұлағатты ұстазым!

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мұғалімдер күнін атап өтті. Кәсіби мереке аясында «Ұстазым, сізге мың алыс!» акциясы өтті. Бүкіл педагогикалық ұжым, ата - аналар, мектеп оқушылары ұстаздарына құрмет көрсетуге асықты. Сонымен қатар «Ұстазым - ұлағатым, үлгі - өнегем!» атты мерекелік онлайн -концерт ұйымдастырылды.

Мектеп директоры Виктор Сосин Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқарма төрайымы Күләш Шамшидинованың атынан педагогикалық еңбек ардагері Ұлболған Шағиметованы құттықтады.

70-жылдары Ұлболған Қасыбекқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі Күләш Шәмшидинованыңсынып жетекшісі болатын.

Акция аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлминұр Иманбаева өзінің ұстазы Журханова Нұрбала Оразбақызын құттықтады. Ұстаздың айтуынша, тағдырына, мұғалімдік мамандықты таңдауына Нұрбала Оразбаққызы әсер еткен. Кішкентай кезінде бала Гүлминұр тігінші немесе дәрігер болуды армандаған.

- Мен сол жылы 4-сыныпта оқитынмын. Нұрбала апайдың сабақтарынан кейін айнымайтын, өзгермейтін бір арманға тұрақтап қалдым,  ол - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болу. Менің өмірімнің осылайша қалыптасуына ықпал еткен бірден бір адам - Нұрбала апай, - деді НЗМ мұғалімі Гүлминұр Иманбаева. 


Дереккөз: edunews.kz
07 қазан 2021 г. 1 130 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031