NIS - Үндістанмен байланыста
Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Нойда қаласындағы «Бал Бхарати» үнді мектебінің оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесуді Зияткерлік мектептің кітапханашылары ұйымдастырды. Онлайн - шара барысында оқушылар өз елінің туристік әлеуеті, туризм индустриясының тенденциялары туралы әңгімеледі, сонымен қатар өз халқының салт -дәстүрі мен мәдениетімен таныстырды.
- Серіктес мектептер жобасы аясында біз Бал-Бхарати үнді мектебімен 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Бірігіп түрлі акциялар, тақырыптық жиындар өткіземіз. Біздің мақсат - коммуникативті дағдыларды, халықаралық қарым -қатынасты, жаһандық азаматтықты дамыту, - дейді Зияткерлік мектебінің кітапханашысы Галия Нукеева.
Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі