» » "Үздік жас отбасы" қалалық байқауы

"Үздік жас отбасы" қалалық байқауы

  Елордада «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» тапсырысы бойынша 2020 жылдан бастап «Отбасы - бақыт мекені» атты Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Барлық іс-шаралар тегін негізде өткізіледі және қатысушылардан ақшалай жарналарды талап етпейді.

Іс-шараларға өздерінің некелерін ресми тіркеген және Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тұратын 29 жасқа дейінгі жастар (ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі) қатыса алады. Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар баға жетпес тәжірибе алып қана қоймай, бағалы сыйлықтар, естелік сыйлықтар, дипломдар алады.

15 қазанда кешеннің ең ауқымды "Үздік жас отбасы"байқауы басталды. Конкурс аясында отбасылар бірнеше кезеңнен өтеді, 10 қатысушы отбасы кепілді жүлделерге ие болады: 1 орын-жалпы сомасы 500 000 теңге сертификаттар, 2 орын – жалпы сомасы 350 000 теңге сертификаттар, 3 орын - жалпы сомасы 250 000 теңге сертификаттар, 7 финалист отбасы - жалпы сомасы 100 000 теңгеден сертификаттар.

Финалда 10 қатысушы отбасы Astana IT University акт залы аумағында кездесіп, үздік атағы үшін оффлайн форматта таласады. Отбасылар шығармашылық үй тапсырмасын орындайды, бір-бірін білу және түсіну сынақтарынан өтеді. Сондай-ақ, іс-шараға шақырылған қазылар алқасы, қонақтар, музыкалық және би әртістері қатысады.

Толығырақ ақпарат @elorda.otbasy және @ns_jastary Instagram парақшаларында жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге 87772734383 – жоба жетекшісі Зейналова Камила хабарласуға болады.

25 қараша 2021 г. 13 535 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031