» » Семейлік "SGMZ" командасы Германияға барады

Семейлік "SGMZ" командасы Германияға барады

             Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің "SGMZ" робот құрастырушы командасы ағымдағы жылдың қараша айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 дүниежүзілік роботтар олимпиадасына жолдама ұтып алды.

            Құрамында Исмаил Мухамедьяров, Жантолы Мұратқалиев сынды зияткер оқушылар бар жас құлтеміршілер бұл мәртебеге Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында лайық деп танылды.

            - Аты оқу-жаттығу жиыны болғанымен, заты кәдімгі жарыстан кем емес шараға республикамыздың ең үздік деген робот құрастырушылары жиналды. Исмаил мен Жантолы 4 күн бойы түрлі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктері мен ұтқырлықтарын қазылар алдында дәлелдей білді. Нәтижесінде жүлделі ІІ орын алып, әлемдік деңгейде бақ сынау мүмкіндігі беріліп отыр, -дейді "SGMZ" командасының жаттықтырушысы, пән мұғалімі Бақытбек Орынбаев.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі


02 қыркүйек 2022 г. 3 759 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 514 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930