» » Талдықорғанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге құжат қабылдау басталды

Талдықорғанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына оқуға түсуге құжат қабылдау басталды

 1 желтоқсаннан Назарбаев Зияткерлік мектебі физика-математика бағыты бойынша 6-сынып оқушыларынан құжаттарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды  edunews.kz ақпарат агенттігі Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға өтініштер 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады. Іріктеуге қатысу ережелерімен өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог – куратор – ұйымдастырушысы Фариза Тұрарова, Назарбаев Зияткерлік мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек пен аталмыш мектептің 12-сынып оқушысы Адэля Балқашева толығырақ таныстырды.«Комплекстік тесттер 2023 жылдың 2-3 наурыз күндері өтеді. Алғашқы күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тестілеу ұйымдастырылады. Бұл «Математика», «Сандық сипаттамалар»,  «Жаратылыстану» пәндері. Екінші күні тілдік тест тапсырылады, онда қатысушылардың қазақ, орыс тілі, ағылшын тілін меңгеру деңгейі сыналады. Барлығы тестілеуге 120 минут беріледі. Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады», — деді өз сөзінде Назарбаев Зияткерлік мектебі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» стратегиялық серіктесі Кембридж Университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе әзірлеген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру бағдарламасы, яғни NIS-Program, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша білім беру үдерісін жүзеге асыруға бағытталған.Зияткерлік мектептердің сертификатын халықаралық ұйымдар мен білім туралы сертификаттарды тану жүйелері және бакалавриат бағдарламаларына тікелей қабылдау үшін жетекші шетелдік университеттер  мойындайды. Зияткерлік мектептердің түлектеріне 12-сыныптың сертификатының нәтижесіне қарай 3 жылдық бакалавриат бағдарламасына түсуге мүмкіндік береді.«Назарбаев Зияткерлік мектебі барлық жерде көшбасшы болуға үйретеді: оқуда, спортта, әлеуметтік жобаларда.Мектеп миссиясы — өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету», — дейді Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Адэля Балқашева.2010 жылдан бері Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебін 794 түлек білім алды. Олардың 145-сі — Назарбаев Университетіне, 107 АҚШ, Ресей, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея, Венгрия, Чехия, Қытай елдеріндегі шетелдік жоғары оқу орындарына түскен.Бүгінде болашаққа жарқын жол ашатын осындай білім ордасында оқуға мүмкіндік бар!Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты https://tk.nis.edu.kz/ сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен көруге болады. Құжаттар  Талдықорған қ., Қаратал, 47мекен-жайы бойынша қабылданады.
14 желтоксан 2022 г. 3 785 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 926 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930