» » Қызылордалық оқушылар сингапурлықтарды артта қалдырды

Қызылордалық оқушылар сингапурлықтарды артта қалдырды

2015 жылғы соңғы TIMSS қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 8 сынып оқушылары еліміздегі үздік жетістіктерге жетіп, әлем рейтингісінде алдыңғы қатарда тұрған Сингапурдан да жоғары көрсеткішке жетіп, басымдылық білдірді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқауға Қызылорда облысынан  13 мектептен (7 қазақ тілінде оқытатын және 6 аралас) 857 оқушы қатысты.

 Рейтингі бойынша орыс тілінде оқитын Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының 4-сынып оқушылары жалпы рейтингте үздік 5 мемлекеттің  көрсеткіштерімен салыстырмалы және одан да  жоғары нәтижелерді көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық математика және жаратылыстану пәндер бойынша білім беру сапасына халықаралық мониторинг жүргізетін TIMSS (ағылш. TIMSS — Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі Халықаралық  IEA білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығының ұйымдастырған бағдарламасы болып табылады. Бұл зерттеу 4-ші сынып оқушылары мен 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану тәрбиесінің деңгейін, сапасын әлемнің әртүрлі елдерінде салыстыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Төрт жылда бір жүргізілетін зерттеу циклы осы күнге дейін 6 рет 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылдары ұйымдастырылған.

2007 жылдан бастап қазақстандық оқушылар рейтингке қатысады. TIMSS-2015 жылы  Қазақстан 179 мектептен (4710 төртінші сынып оқушылары және 4869 сегізінші сынып оқушыларын) жалпы саны  9 579 оқушыны таныстырды. Математика бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа балы 544 ұпай, жаратылыстанудан 550 балл жинаса,8 сынып оқушылары математикадан - 528 балл, жаратылыстану ғылымдарынан – 533 ұпаймен көзге көрінген.
Келесі зертеу 2019 жылы жүргізіледі.

12 ақпан 2018 г. 2 706 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 932 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031