» » Мектеп оқулықтарындағы олқылықтар: велосипедші мен шаңғышы ұша ма?

Мектеп оқулықтарындағы олқылықтар: велосипедші мен шаңғышы ұша ма?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл мектеп оқулықтарында кеткен кемшіліктерді сынға алды. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі 24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл мектеп оқулықтарында кеткен кемшіліктерді сынға алды. Айтуынша, қолданыстағы оқулықтардың басым бөлігі орыс мектептеріне арналған. Ал қазақ тіліне аударылған нұсқасында өрескел қателіктер өріп жүр. Бұл баланың үлгерімімен қатар мұғалім жұмысына да кесірін тигізіп келеді. Ең өкініштісі, баспаға жіберілген оқулықтарды республикамыздың ең мықты педагогтері мен әдіскерлерінен құралған комиссия тексереді. Сондықтан Мәжіліс депутаты Білім және ғылым министрлігіне осы комиссия жұмысының сапасын назарға алуды ұсынды.
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Мысалы, «шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығы анықта» делінген. Мына кітап қолда тұр. Енді о заман да бұ заман велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз. 125-беттегі суреттің астында «Асфендияров Санжар Жапарұұ» деп жазылған, дұрысы – Асфендияров Санжар Жапарұлы. 135-бет 5-тапсырмада Дори, Нори, Ори деген қазаққа жат есімдермен мысалдар келтірген. Жаттығуға мысал болатын қазақтың аты жоқ па? 7-тапсырмада «вид транспорта» деген артық сөз жүр», Әдебиеттік оқу кітабы, 4 сынып.Кейбір тапсырмаларында YouTube-тен мультфильм көруге тапсырма берілген. 20-бетте. Оқушылар осы сайттан пайдасыз, зиянды ақпараттар алуы мүмкін емес пе?

Дереккөз: 24.kz.
10 мамыр 2019 г. 888 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 925 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031