Мемлекет тіл білгірлерінің олимпиадасы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 1-2 ақпан аралығында Астана қаласының «NURORDA» лицей-мектебінде «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт 5-10 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілінен ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Қорытынды кезеңге Павлодар облысының 7 оқушысы өтіп, 1 оқушы жүлделі орынға ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломмен Екібастұз қ.№7 гимназия-мектебінің 6 сынып оқушысы Шапоренко Кирилл марапатталды.
- «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасын Ақсу қ. №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Писаренко Надежда иеленді.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы
Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі