БАӘ-дегі Нью-Йорк университетінің гранты
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Балауса Тұрсынбек пен Құндыз Мұхтар Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің грант иегері атанды.
12-сынып оқушылары бір апта бұрын БАӘ-ге барып, әңгімелесу кезеңінен сәтті өтіп, әлемдегі рейтингі жоғары оқу орнына қабылданды.Абу-Дабидегі Нью-Йорк университеті гуманитарлық-зерттеу университеті болып табылады. Бұл білім ордасында өнер, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және инжиниринг бойынша 22 пән оқытылады.
«Университет әлемдегі ең жоғары талаптарға ие. Таңдау өте қатал болды. Екі күн бойы біз тестілеуден өтіп, университет профессорларының сабақтарына қатыстық. Мектеп бітіргеннен кейін «Биотехнология» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасын оқып шығуды жоспарлап отырмын», - деп Балауса болашақ жоспарларымен бөлісті.
Құндыз Мұқтар «Компьютерлік технологиялар» факультетінде оқуын жалғастыратын болады.