» » «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар» облыстық фасилитациялық сессия

«Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар» облыстық фасилитациялық сессия

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚБАИ жедел жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың ақпан айының 21 жұлдызында  жаратылыстану – математика пәндерінің мұғалімдеріне арналған  «Жаратылыстану-математикалық пәндер сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар» облыстық фасилитациялық сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына облыстық (қалалық/аудандық) білім басқармалары мен бөлімдерінің меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан өткен педагогтері қатысты.
 Сессияның мақсаты: Жаратылыстану-математикалық пән оқушыларының  функционалды сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерін айқындау, оқу-тәрбиелік үрдісінде функционалды сауаттылықты дамыту үшін қажетті  құзыреттілікке бағытталған тапсырма түрлерін  анықтау, тәжірибе алмасу.
 Сессияның міндеті: Жаратылыстану- математикалық пәндер бойынша мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру жолдарын талқылау, оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негіздерін қолдану тәжірибесімен алмасу; құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды  құрастыру.
Сессияның жұмыс тілі: қазақ  тілі.
Қатысушылар өз пәндерінде функционалды сауаттылықты дамыту үшін  тапсырмаларды құрастыру жолдарының ерекшеліктеріне байланысты өз тәжірибелерін ортаға салды, сессия аясында шебер-сыныптарға қатысты.
 Сессия келесі бағыттар бойынша заманауи үрдістер мен инновациялық тәсілдерді анықтауға бағытталған педагогтар арасындағы сындарлы диалог алаңына айналды:
- Жаратылыстану-математика пән оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерін айқындау сызбасы;
- Жаратылыстану-математика пән оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік негіздерін айқындау құралдары;
- функционалды сауаттылықты дамыту үшін қажетті  құзыреттілікке бағытталған тапсырма  жасауда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары;
- функционалды сауаттылықты дамыту үшін қажетті  құзыреттілікке бағытталған тапсырма  жасаудың  тиімді жақтары (WIN – WIN принципі бойынша Әріптестіктің екі жаққа да пайдасы).
Сессияда педагогтардың кәсіби қызметінің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара бағдарламасында теориялық дискурстан басқа қатысушылардың өзара іс-қимылының белсенді түрлері де қарастырылды. Қатысушылар модераторлардың басшылығымен топтық жобалау жұмыстарына тартылды.
Қатысушылардың жалпы саны 119 педагогты құрады. Осы шараға белсенді қатысқан барлық қатысушыларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты сертификаттармен  марапаттады.Сессияны қорытындылай келе, қатысушылар мәселелерді талқылаудың конструктивті сипатын, секциялар жұмысы барысындағы пікірталастардың ашықтығы мен практикалық бағытын атап өтті.
 













































«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» 

кафедрасының аға оқытушысы  Р.М.Жуманова

18 наурыз 2020 г. 3 294 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031