» » ӨРЛЕУМЕН БІР ҚАДАМ АЛҒА!

ӨРЛЕУМЕН БІР ҚАДАМ АЛҒА!

Білім беру саласында  Шымкент қаласының №52 мектеп-лицейі 2018 жылдан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жаратылыстану бағыты пәндерінің тренерлерімен бірлесіп жұмыс атқарып келеміз.

Педагогтің берілген оқу орнында жұмыс істеуге деген немесе онан шығуға деген ұмтылысы функционалдық факторларға  байланысты. Егер оқытушыға жұмыс ұнаса, егер ол жалпы қызметтің мақсаттары мен міндеттерін бөліссе, педагогтермен, оқушылармен қарым-қатынастан қуаныш тапса, онда бұл оның оқу орнына деген жағымды қатынасын тудырады. Тұлғааралық ынтымақтастық ұжымдағы адамдарда, олардың өзара өрекеті мен қарым-қатынасында бекітілетін коммуникативті құндылықтарға негізделеді.

«Өрлеу» ұжымы осындай коммуникативті құндылықтар арқылы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беріп, шығармашылық табысқа жетелеуде. Ұжымның көшбасшылық қасиеттері әрдайым білім беру  саласында болып жатқан жаңалықтар мен өгерістерге бет бұруға себепші болып, ұстаздық жолымызды өрлеу мен өсуге бастап отырады.

            Біздің биология пәні мұғалімдер оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін, белсенді әдістерді қолдануды жаңартылған оқу бағдарламасы аясында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша болған курста теориялық тұрғыдан меңгеріп,оны тәжірибемен ұшастыруда.

Сіздер ұйымдастырып отырған іс-шараларға қатысу арқылы өз іс-тәжірибелеріммен бөлісуге, кәсіби шыңдалуға жағдай жасап, қолдау көрсетудесіздер. «Орта білім беру пәндері бойынша республикалық бейне сабақтар байқауы»  өңірлік кезеңіне қатысып, сараптамалық кеңестің бағалау қорытындысы бойынша "Биология  мұғалімі 9-сынып" бойынша 2-орынды иелендім. Білім беру саласының өркендеуі жолындағы педагогтардың кәсіби дамуына қосқан үлестеріңіз біз үшін маңызды.



















Көптеген іс-шаралар ұйымдастырып кәсіби шеберлегімізді шыңдауға бірге ат салып келе жатқан «Өрлеу» ұжымына үлкен рақмет!


Шымкент қаласы, №52 мектеп-лицей биология пәнінің мұғалімі

Менликулова Парасат Турганбековна


27 мамыр 2020 г. 21 871 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 777 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930