» » Қазақстан мен Ресей ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құру туралы келісімге келді

Қазақстан мен Ресей ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құру туралы келісімге келді

ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құруды ұсынды. Бұл туралы Ресей білім академиясында өткен «Білім туралы ғылым саласындағы зерттеулерді дамыту перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді. Қазақстан және Ресей Білім академияларының президенттері аталған ұсыныс бойынша жақын арада ТМД елдеріндегі әріптестеріне үндеу жасауды жоспарлап отыр. Ұйымдастыру мәселелерімен алдағы жылдың басында қызығушылық танытқан елдермен бірлескен көпжақты меморандумға қол қоюды мақсат еткен жұмыс тобы айналысады. «Өзара тиімді кооперацияны жандандыру, білім туралы ғылым саласында зерттеулер жүргізуде екіжақты байланыстарды күшейту бойынша үлкен мүмкіндіктеріміз бар деп санаймын», – деді Ғ.Бейсембаев өз сөзінде. Сондай-ақ, ол білім беру мазмұнына жаңа тәсілдер енгізу және педагогикалық білім беруді жаңғырту сияқты ынтымақтастық салаларының басымдықтарын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ТМД елдері Білім академияларының қауымдастығын құру туралы ұсынысты ҰБА президенті Ғ.Бейсембаев 2021 жылғы 28-29 қазанда Душанбе қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VI съезі аясында айтқан болатын.
10 желтоксан 2021 г. 19 486 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 672 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 739 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031