Балабақша бақыт – баспалдағы
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
Халқымыз ежелден – ақ бала тәрбиесіне басты назар аударған. Сол арқылы тәлім мен тәрбиенің озық үлгісін көрсеткен.Ұрпағының салиқалы болуына көп септігін тигізі білген. Балаға тәлім-тәрбие беру туғанынан, тіпті құрсақта пайда болғанынан басталуы тиіс дейді ғалымдар. Расымен де нәресте көтеріп жүрген ана тәрбиелі жинақы жүрсе, дұрыс сөйлеп, дұрыс ойлап, салауатты өмір салтын ұстанып өтсе, құрсақтағы сәбиіне оның барынша оң ықпалы болары анық. Әлемде қазақ ұлты ең тәрбиелі ұлттардың алдыңғы тізімінде деп ойлаймыз. Балабақша ұғымы кең түсінік. Ата-бабамыз өз ұрпағына яғни біздерге қандай керемет тәлім-тәрбие, өнеге-мұра қалдырған десеңізші. Оның дәлелі әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз, діліміз-дініміз. Қазіргі біздің тіліміздегі балабақша орнын сол замандарда басқа да әлеуметтік институттар алмастырғаны белгілі. Атап айталық, мәселен ата-әже институты, медіресе мектебі, имандылық, инабаттылық ұйытатын дәстүрлі дініміз, салт-дәстүрлеріміз сияқты әлеуметтік институттардан бала аттап өте алмайды.
Қазіргі күні бала тәрбиесінде балабақшаның маңызы өте зор. Ата-аналардың жұмыс бастылығы сияқты басқа да себептері баланы арнайы қосымша тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің қажеттілігі мол. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша - баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Ұстаз - киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін - ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Жас шамасы бір жарым жастан бес жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады. Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір-біріне көмектеседі. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметінде қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т.б. дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Жақсы қолдау сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады, әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырыпжандандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленген баланың ерекшелігі байқалып қалатынын жасыра алмаймыз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәтте назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару - оны өсіруші, тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек. Тәрбие қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабай: «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» дейді. Расында да балабақша табалдырығынан аттаған балаға тәрбие беру үшін тәрбиеші маманның өзі тәрбиелі, білімді, өнерлі болғаны жөн. Балаға тәрбиені беруде адам ең бірінші өз тәжірибесіне сүйенеді. Адамның өз тәжірибесі- оның жүріп өткен жолы, көрген-білгені. Бірақ әр адамның жолы тура жол, бала тәрбиесінде қатып қалған осы жолмен жүру керек деуге де болмайды. Ол жолдың тек дұрысын ғана таңдап алу керек. Балаға міндетті түрде өзіңді қайталату мақсат емес, өзіңнен асырып түсіру мақсат. Бала кейде сенің ойлағаныңнан да артық затты немесе қиялына ерік берсе ешкімнің ойы түгіл түсіне де кіре бермейтін идеяларды дүниеге әкелетіні рас. Сондықтан педагогтың өз тәжірибесіне сүйенуі аздық етеді.Екінші жағынан, ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болады.
Балабақша - баланы адамгершілікке тәрбиелеуде қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік институт. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қаситетте тәрбиелеу- қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің келешегіміз- жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ құндылығы ол - жақсы тәрбиеленген ұрпақ.Ендеше жақсы тәрбие үйден кейін балабақшада басталады. Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару - оны өсіруші, тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі- шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбие - қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру- тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады. Балабақшада балалар бірі тілалғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық жайдарлы болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне, осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие - адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке деген дайындылығын қарастырады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінде, ашық іс-шараларда жүзеге асады. Балалардың өмірдегі іс-әрекетін нығайту- мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі. Балабақшада балаларды ана тілге деген сүйіспеншілігін арттыру,тілін жетік білуге баулу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруда көптеген оқу іс-әрекеті, тәрбие жұмыстары, мерекелік іс-шаралар, өнер, спорттық сайыстар өткізіледі. «Тәрбие –тал бесіктен басталады» деген халқымыздың дана сөзі. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын - балабақша. Бала тәрбиелеу - біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.Білім беру балабақша табалдырығынан басталады. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауипедагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды [2]. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан-дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердіңұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.
Ұлттық тәрбиеде балабақша өзінің маңызды рөлін жоғалпауы тиіс. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.Балабақша - барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Демек, баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын - балабақша. Бала тәрбиелеу - біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты. Еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне жауапкершілік маңызды.
ЖАРҚЫНАЙ МАНИЕВА,
«Дариға апа» бөбекжай бақшасы МКҚК-нің
меңгерушісі,
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы