» » АҚШ-та соғыс ардагері мектеп аттестатын 97 жасында алды

АҚШ-та соғыс ардагері мектеп аттестатын 97 жасында алды

Филадельфия тұрғыны Чарльз Леуцци орта мектепті аяқтағаны туралы аттеастатқа 97 жасында қол жеткізді. Салтанатты шараға оның балалары, немере, шөберелері келген, деп хабарлайды stan.kz.

 

Чарльзға жасөспірім шағында мектепті аяқтауға соғыс кедергі болған. Кейін соғыстан аман-есен оралғаннан кейін де білім алуды жалғастыруда үнемі арман еткен. Бірақ, күйбең тіршілікпен сәті түспеген екен.

“Маған көп жыл күтуге тура келді, бірақ, мен ақыры жеттім”, – дейді ол құжатты алу кезінде көңілі толқып.

Ал әрі қарай колледжге түсіп, білімін жалғастыру туралы сұраққа “Неге оқымасқа? Қазір менде бос уақыт көп” деп жауап берді қария.

19 шілде 2017 г. 9 124 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031