» » ҚОЗЫЕВА АЙГЕРІМ АДЫРБЕКҚЫЗЫ

ҚОЗЫЕВА АЙГЕРІМ АДЫРБЕКҚЫЗЫ


Қозыева Айгерім Адырбекқызы
«Менеджеры образования Казахстана» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық республикалық  журналының бас редакторы

«ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының атқарушы директоры

Edunews.Kz білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігінің тілшісі

«Тағылым» және «Qazaq Bilimi» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналының редакторы

"Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдарының магистрі

Құрметті оқырман!

Құрметті педагогтар қауымы!

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев

     2019-2020 оқу жылындағы білім аясында болған соңғы жаңалықтарды қорытындылау мақсатында оқырман назарына «Менеджеры образования Казахстана» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық республикалық журналын ұсынып отырмыз. Журнал желтоқсан айының бастап жарыққа шықты. Республикалық журналдың мақсаты — білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелермен, жаңашыл көзқарасты, сонымен қатар жаңартылған форматтағы оқу үрдісінің тиімді жақтарын көрсетіп, ұстаз деген жүгі мен сыны ауыр ұлы кәсіпті дәріптеу арқылы болашақ ұрпақты тек білім деңгейінде ғана емес, ұлттық—рухани жағынан тәрбиелеу.

Жалпы журналымызға білім беру басқармасының басшылары, мектеп, балабақша секілді мекеме директорлары мен орынбасарлар, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлер өз еңбектерін жариялай алады. Еліміздегі педегог мамандардың келелі мәселелер мен тұшымды ойларын саралап, білім саласына қатысты өз ұсыныстары жазылған мақалаларын қабылдаймыз.

Білім саласы, оның ішінде тәрбие беру ісі-әрқашанда жауапты сала болып табылатындығы белгілі. Білім мен тәрбие қашанда егіз ұғым. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы». Ұлтжанды, отансүйгіш, жүрегінде жалыны бар ұрпақ тәрбиелеу бәріміздің басты мақсатымыз. Сондықтан, ұлт мәселесі үшін, білімді азамат тәрбиелеу жолында республиканың түкпір-түкпіріндегі ұстаздармен байланыста болуға дайын екенімізді айта кеткім келеді.

 Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға біздің журнал барынша атсалысатын болады. Өздеріңіз білетіндей осы бағдарламаның «Тәрбие және білім» деген бағыты бар. Осы бағытта «Менеджеры образования Казахстана» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық республикалық журналы өз жобаларын ұсынып, республика көлемінде насихаттауға тырысады.

 Жалпы, білім саласында қазіргі таңда өзекті мәселелер өте көп. Өкінішке орай, сол өзекті мәселелерді шешуде ұстаздар қауымының ой-пікірі толықтай еленбей жатқан жайы бар. Ал бұл өз кезегінде, сол мәселелердің ушығып кетуіне себеп болып отыр. Өйткені, білім саласындағы мәселелерді ұстаздан артық ешкім білмейтіні хақ. Сондықтан болар, білім саласындағы өзгерістер жыл санап күрделеніп келеді. Біздің басты мақсатымыз-ұсатаздармен біріге отырып, оларға сапалы ойлар мен ұтымды ұсыныстарды жеткізу. Бұл біздің негізгі бағыттарымыздың бірі. Осы жолда барынша қарқынды жұмыс атқарсаң, көптеген нәтижеге жететініміз белгілі.

Жалпы, «Менеджеры образования Казахстана» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық республикалық журналына мақалалар, баяндамалар, шығармашылық материалдар, творчестволық материалдар күтеді. Журналымызда ұжымдық материалдарға керемет жеңілдіктер қарастырылған. Журналға материалы жарық көрген әрбір ұстазға сертификаттар мен дипломдар беріледі. Журнал айына бір рет жарық көреді және журналға жазылу міндетті емес. Материалы журналда жарық көрген ұстаздарға журнал міндетті түрде беріледі және оның қолдарыңызға тиуін қадағалайтын боламыз. Тағы бір айта кетерлігі, бізге жіберілетін материалдар Times New Roman қарпімен 14 үлгіде жазылуы кажет.

Мектептің жүрегіне баланған ұстаздар қауымы, алдағы уақытта «Менеджеры образования Казахстана» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық республикалық журналымен тығыз байланыста боласыздар деген үміттемін.

09 сәуір 2022 г. 12 747 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 567 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930