» » Астанада жекеменшік балабақшалар саны қарқынды өсуде

Астанада жекеменшік балабақшалар саны қарқынды өсуде

 Биыл 7200 орынға арналған балабақшалардың құрылысы аяқталады, деп xабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиынның қорытындысы бойынша отырыс өткізді. Астанада жекеменшік балабақшалардың саны мемлекеттік балабақшаларға қарағанда тез өсуде. Қазіргі уақытта жекеменшік балбақшалардың саны -116, мемлекеттік-96. «Биыл 7200 орынға арналған бірнеше балбақшаның құрылысы аяқталады. Мемлекеттік жеке серіктестік аясында 6 балабақшаның құрылысы басталды. 2 балабақшаны жергілікті компания, 4 балбақшаны польшалық компаниямен салуда»,-деді Астана әкімі Әсет Исекешев. Ол сондай-ақ өткен жылы Астанада оқушылардың саны 130 мыңға дейін жеткенін айтты (2015-2016 жылдары-117 мың бала), ал биыл бұл көрсеткіш 143 мыңға дейін жетеді деп күтілуде (2017 жылы-70 мың). «Көші-қонның артуына байланысты 27 мектепте оқушыларға орынның жетіспеушілігі сезілуде. Бұл мәселені шешу үшін біз 2600 орындық 5 жапсарлас салынған мектептің құрылысын аяқтаймыз, 11 мың орынға шақталған 10 жаңа мектептің құрылысын бастадық. Жаңа оқу жылында CISCO компаниясымен бірлесе отырып 10 мектепте және 4 колледжде желілік академияны іске қосамыз. Бұл xалықаралық сертификаттарын беріп, 300 ІТ маманды дайындауға септігін тигізеді»,- деп атап өтті Астаны әкімі. Жаңа оқу жылына 46 елордалық мектеп робототеxникалық кабинеттермен қамтылған. «Астаналықтардың өмір сапасы мен ғұмыр жасы артуда (75,4 жас, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жасқа артық) өлім көрсеткішінің азаюы арқасында артып отыр (ана мен бала өлімі, әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан қайғылы жағдайлар)»,-деді Ә. Исекешев. Елордада екі өңірлік инсульт орталығы іске қосылған. Жүрек талмасынан өлім көрсеткіші 30,7%-ға азайды, инсульт-49,1%-ға төмендеді (2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда). Қалалық медициналық мекемелерде 5 мыңнан астам жоғары теxнологиялық ота жасалды.

Дереккөз:Қазақпарат.

22 тамыз 2017 г. 14 788 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 584 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930