» » «Айналайын», «Балапан» шағын орталықтары EXPO көрмесін тамашалап қайтты

«Айналайын», «Балапан» шағын орталықтары EXPO көрмесін тамашалап қайтты


«Болашақ  энергиясы» тақырыбындағы  көрме – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Көрме аймағында орналасқан Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және ұжымдық павильондар, сауда-көңіл көтеру объектілерінен үлкен әсер алып, рухани байлыққа кенелді. Бұл туралы Семей қаласының білім бөліміне сілтеме жасап EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шахардың дәл ортасында орналасқан шар тәріздес ғимараттың ішінен еліміздің жаңа инновациясын көруге болады. Сегіз қабаттан тұратын бұл ғимаратта Қазақстанның салт – дәстүрі, әдет –ғұрпы, мәдениеті, ұлттық нақыштағы киімдері, ғарыш әлемі, биологиялық орталығы, жел энергиясы, су энергиясы сияқты көптеген орталықтарын тамашалады. Жаңаша әдіспен жұмыс атқаратын салт -дәстүрімізді дәріптейтін сенсорлы қабырғаны ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар «Бәйтерек» мұнарасы мен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қоры, кітапханасын» тамашалады. Қазақстан павильонымен қатар өзге елдерге де саяхат жасалды. Экскурсия кезінде еліміз қаншалықты дамығанына мақтанышпен көз жеткіздік.

19 шілде 2017 г. 15 453 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 961 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031