» » Сарыағаштағы мектептердің жөндеу жұмыстары енді басталды

Сарыағаштағы мектептердің жөндеу жұмыстары енді басталды

Оқу жылының басталуына 1 ай ғана уақыт қалды. Ал, Сарыағаш ауданындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары енді ғана басталған. Себебі, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алуға қатысты тексеру жұмыстарын жуырда ғана аяқтаған. Бұл туралы аталған мекеменің 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беру кезінде бөлім басшысы Асылбек Мұратов мәлімдеді. Ол тиісті жұмыстардың сағызша созылуын мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш жарияланғандығымен байланыстырды. Бұл туралы TVK хабарлайды.

      сыдан тура бір ай бұрын Сарыағаштық депутаттар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында мәселе көтерген болатын. Олар оқу жылының жақындап келе жатқанын айтып, соған қараматсан аудандағы 15 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын айтқан еді. Шағымданушылар оған облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментін кінәлаған болатын. Айтуларынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған мердігерге қатысты қатарынан бірнеше рет тексеру жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп конкурстық келісім-шартты 4 рет бұзған.

     Ал, департамент мамандары бұл жалған жала деген сыңай танытып отыр. Олар істің шиеленісуіне Сарыағаштықтардың өздерін кінәлауда. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсы тиісті мерзімінен өте кеш жарияланғанын жеткізді.

     Бір қызығы осыдан бір ай бұрын өткен тұрақты комиссия отырысында департамент басшысы Батырбек Көшербай шикілік конкурстың кеш жариялануынан шыққанын айтпаған болатын. Онда тек мердігер мекемелерге қатысты жүргізілген тексеру жұмыстары кеңінен сөз болған-тын.

     Осы жиыннан кейін Сарыағаш ауданындағы дауға айналған мектептердің басым бөлігінде келісім-шарттар түзіліп, тиісті жұмыстардың атқарыла бастаған. Дегенмен, 3 білім ұясының күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталмай қалуы мүмкін. Себебі, департамент мамандары кейбір мектептердің құрылыс жұмыстарына қатысты тексеру жұмыстарын жуырда ғана аяқтаған.

Қанат БАЙСОВ
24 шілде 2017 г. 93 252 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 615 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930