Бөлім бойынша жиынтық бағалауды құрастыру жолдары
Ашық диалог алаңының тақырыбы | Бөлім бойынша жиынтық бағалауды құрастыру жолдары | ||||||||||||
Мақсаты: | Мұғалімдердің бөлім бойынша жиынтық бағалауды құрастыруды жазудағы қиындықтарымен бөлісе отырып,ашық әңгімеге тарту, бағыт-бағдар беру, идеяларымен бөлісу | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар бойынша қысқа мерзімді жоспар жасаудың ерекшеліктерін талдайды, талапқа сай жоспар жасауды үйренеді,толғандырып жүрген сұрақтарына қосымша ақпараттар алады | ||||||||||||
Сілтеме | Нормативтік құжаттар (стандарт, бағдарлама, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ, МАН) | ||||||||||||
Қолданылатын материалдар (ресурстар) | Маркер, түсті қағаз, желім,стикер, тақта | ||||||||||||
Оқыту әдістері | Ашық диалог | ||||||||||||
Белгіленген уақыты 3мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмыстың барысы Мұғалімдер төмендегідей үш бағытта бөлінеді: 1.Жаратылыстану бағыты (математика, физика, информатика, биология, химия, география) 2. Гуманитарлық бағыты (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) 3.Бастауыш сынып, тарих, технология | ||||||||||||
15 мин
10 мин | ІІ.Негізгі бөлімі Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру (мұғалімнің теориялық түсіндірмесі). Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасауда неге сүйенеміз? Жалпыға міндетті білім стандарты; №125 «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Әдістемелік нұсқаулық Оқу бағдарламасы (ҰМЖ) Оқу жоспары (ОМЖ Оқу мақсатын өзгертуге бола ма? Оқу мақсаты оқу бағдарламасында берілген ҰМЖ-да кодпен беріледі. Оны өзгертуге болмайды. Оқу мақсаттарын таңдағанда бөлімді ашатын мақсаттарды таңдап алған дұрыс. Оқу мақсаттарының бәрін алу міндетті емес. Бағалау критерийлерін қалай іріктейміз? Бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкес өзіңіз құруға болады; Әдістемелік құжаттардан ( қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы, жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар) Қатып қалған уақыты бар ма? 20 минуттық тапсырма болуы шарт. Кейбір жаратылыстану бағытындағы пәндерінде өзгерістер болуы мүмкін. Тапсырмалардың ерекшеліктері бар ма? Тапсырмалар мақсатымызға сай және баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт; Дескриптор жазар кезде неге назар аударамыз? Әрбір тапсырманың нұсқаулығына және жұмысына қарап құрастырасыз. Рубрика жазу міндетті ме? Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының соңында рубрика жазу міндетті Орта ,төменгі,жоғарғы деңгейге сәйкес жасалады. 8 сынып « XIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті » бөлімі бойынша жиынтық бағалау (үлгі). Тапсырма: №1.Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерін анықтап,тарихи құндылығына сипаттама беріңіз.
Түйінді ой ____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________№3. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халидтің тарихи еңбектерінің бірін таңдап, маңыздылығына ПТМС формуласы арқылы пікіріңізді білдіріңіз. Позиция «Шәкәрім Құдайбердіұлы(«Түрік ,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі), Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы»(«Сарыарқаның кімдікі екендігі»),Құрбанғали Халидтің(«Тауарих хамса») тарихи еңбектерінің маңыздылығы жоғары /құндылығы төмен» Түсіндіру (себебі қазақ халқының тарихын зертеп, құнды дерек қалдырғанына 2 дерек келтіре аламын...) Мысал (жалпыадамзаттық құндылықтардың жақтаушысы болғанын 2 мысал арқылы дәлелдей аламын....) Салдар (қорытынды жасаймын....) | ||||||||||||
12 мин | ІІІ.Қорытынды кезеңі:
|
Ахметова Багила Серикбаевна
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті