» » Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы

Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы

Сабақтың түрі:

Білім жинақтау сабағы

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийлері: 

Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге  ауыстырады

Синонимдік қатарды қолданып, мәтін жазады

Пәнаралық байланыс

Биология, жаратылыстану, қазақ әдебиеті

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация

Алдыңғы  білім

Денсаулық туралы

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу

Түгендеу Сыныпты топтарға  біріктіру Қима қағаздары арқылы топтарға біріктіру

       

Әр медициналық құралдың өз жұмбағын шешу

Жұмбақтар шешу.
1 - топқа:
Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. ( Бақбақ)

  
2 - топқа:
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі. (Жалбыз)

 
3 - топқа:
Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)

Әр топ аталған өсімдікке қысқаша сипаттама береді

Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ : Денсаулықтың нығаюына әсер ететін дәрумендер туралы жинаған мәліметтерімен бөлісу.

2-топ: Денсаулыққа қажетті ақыл- кеңестерін айтады

3-топ: Денсаулық туралы өлеңдерін оқиды

Сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады

Қима қағаздар

Слайд

Оқушылар дайындаған газеттер

Мағынаны тану

10 минут

15 минут

Тыңдалым әрекеті Мәтінді интербелсенді тақтадан тыңдайды Негізгі тірек сөздерді атайды

Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.
Ас – адамның арқауы. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.
Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:
«Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін өз күшінде. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге – «әр аурудың өз шөбі бар» дейді. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан – ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр, жүйке жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген: бақбақ, жолжелкен, итмұрын, мыңжапырақ, түймедақ т.б жатады

«Аялы алақан» стратегиясы бойынша мәтінге негіз болып отырған тірек сөздерді анықтап, әр саусаққа жазып шығады

 Парақшаларымен топтар алмасады. Алмасқаннан кейін  жазылған негізгі тірек сөздердің баламасын тауып жазады


Топтық тапсырмалар:

 1-топқа:

Тапсырма түрлері: 

v Күнделік жазады. Сіздер осы көрмені тамашалауға келген 7-сынып оқушыларысыздар. Бірақ көрмеге келушілер арасында салауатты өмір салтын  насихаттауға қарсы оқушылар да бар екен.

v Интервью жасау. Себебі сіз осы көрмеге келген журналист мамансыз. Сіздің сұхбат алушыңыз көрмеге келген 7-сынып оқушылары.

v Қиял-ғажайып әңгіме жазады. Сіз «Уақыт машинасы» арқылы Денсаулық еліне  тап болдыңыз. Сондағы әсеріңізді әңгімелеңіз.

2-топқа: «5.5.1 әдісі» яғни тыңдалған мәтін негізінен нақты деген 5 сөйлем жазып, оны 5 сөзбен аяқтап, соңында бүкіл мәтіннің негізгі түйінін 1 сөзбен жинақы мәтін жазады

3-топқа: «Төрт сөйлем» әдісі

Пікір

Дәлел

Мысал

Қорытынды

Топтар бірі- біріне «Мадақтау сэндвичі» арқылы кері байланыс жасайды

Интербелсенді тақта

Үлестірмелі қағаздар


3 минут

2 минут

Рефлексия 

   

 

Стикерге өз есімдерін жазып, баспалдақ тұсына стикерді іледі

Көшбасшылар көмекшілерімен бағалау парақшасын толтырып, мұғалімге өткізеді

 

Үй тапсырмасы:  Дәрілік шөптерге қосымша ақпарат жинау                                         






 Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? 

Пәнаралық байланыс 

Қауіпсіздік ережелері 

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушының барлығы

Оқушылардың көбісі 

Кейбіреулері 


 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. 


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. 

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?






Лесова Акмарал Кенесовна
Жамбыл атындағы орта мектепке
дейінгі шағын орталықпен КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы облысы

Қарасай ауданы

 



01 ақпан 2019 г. 17 116 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930