» » Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы

Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы

 




Жамбыл облысы, Шу қаласы Төле би атындағы орта мектебінің География пәні мұғалімі 

Маржан Коштаеваның өткізген сабақ жоспары:


сабақта қол жеткізілетін   оқу  мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.4.1.1  Қазақстан халқының  ұлттық және діни құрамын анықтайды

Сабақтың  мақсаты

 

 

 

 

1.Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстан халқының этникалық және діни  құрамын анықтайды.

2.Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Қазақстан халқының ұлттық  және діни құрамын талдайды, таралу  аймақатарын картадан көрсете алады.

3.Кейбір оқушылар орындай алады: Қазақстан халқының  ұлттық және діни құрамын графикалық үлгіде көрсете алады.

Бағалау критерийі

 

 

Түсіну:    Қазақстан халқының  ұлттық және діни құрамының  таралу аймақтарын түсінеді.

Қолдану: Қазақстан халқының  Ассамблеясының құрылуының  себебі мен маңыздылығын талдайды.

Талдау: Қазақ халқының ұлттық , діни құрамы және қазақ диаспорасы елдер бойынша қазақ ұлтының орналасуына талдау жасау

Тілдік мақсаттар

Оқылым – Оқулықпен жұмыс жасау арқылы Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы мен  олардың таралу аймақтарымен танысады.

Тыңдалым – Сабақта  оқу мақсатын ашу барысында бейнематериалды көрсету арқылы тыңдалым жүреді.

Айтылым-жазылым:  Қазақстандағы ұлттық және діни құрамын  жазып, оны бір-бірлерімен пікір алмаса отырып талдайды.

 

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:   Диаспора, этнография, конфессия, зайырлы мемлекет, Ассамблея,этнос.

Құндылықтарға баулу

 

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік .

Пәнаралық байланыс

 

Қазақстан тарихы- Халықтың тарихи аумақтық орналасуын анықтайды

Математика -  Этнострдың таралу аймақтарының сандық көрсеткіштері.

Алдыңғы білім:

 

География 8 сынып «Әлеуметтік география» бөлімі  бойынша біраз ақпаратпен қамтамасыз етілген.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Дереккөздер,

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Топқа бөлу  «Вагон» әдісі арқылы

1-топ.  «Конфессия»

2-топ. «Этнография»

3-топ. «Диаспора»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтап аламын

1.Антропогендік табиғи кешендер дегеніміз не?

2.Шаруашылық  іс- әрекеттердің табиғи-аумақтақ  кешендерге әсері?

3.Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жолдары?

4.Ландшафттық дизайн дегеніміз не?

5.Ландшафттық дизайнды дамыту жолдары?

ҚБ: Мұғалімнің ауызша  мадақтамасы

Билеттер 

Оқулық

Сабақтың ортасы

 

 «Төрт сурет бір ұғым» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

 

 

« Джигсо» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасатып, постер қорғатамын.Тапсырмалары:

1-топ .  Халықтың  ұлттық  құрамын анықтап, талдау жасаңыз.

2 топ.  Халықтың діни құрамын анықтап, талдау жасаңыз.

3 топ.  Диаспора, этнография, конфессия, зайырлы мемлекет, Ассамблея,этнос- терминдеріне түсінік беріңіз.

Дескриптор:

1.  Халықтың  ұлттық  құрамын анықтай алады, талдау жасай алады.

2 .  Халықтың діни құрамын анықтай алады,талдау жасай алады.

3 .  Диаспора, этнография, конфессия, зайырлы мемлекет, Ассамблея,этнос- терминдеріне түсінік бере алады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Қызыл түс- Өте жақсы түсінген  

Жасыл түс   -Жақсы,әліде жетілдіру қажет  

Сары түс- Дайындық орташа    

 «Желпуіш»  әдісі арқылы тапсырма беремін. Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.Жұппен жұмыс.

ТАПРСЫРМА
1 топ . Қазақстан халқының діни құрамын талдап,таралу аймақтарын картадан көрсетіңіз.

2 топ.  Қазақстан халқының ұлттық құрамын талдап,таралу аймақтарын картадан көрсетіңіз.

3 топ. Қазақстан халқының орналасу ерекшеліктерін талдаңыз, картадан көрсетіңіз.

ДЕСКРИПТОР

1 . Қазақстан халқының діни құрамын талдайды, таралу аймақтарын картадан көрсетеді.

2 топ.  Қазақстан халқының ұлттық құрамын талдайды, таралу аймақтарын картадан көрсете алады.

3 топ. Қазақстан халқының орналасу ерекшеліктерін талдайды, картадан көрсете алады.

ҚБ:  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

  «Ғажайып конверт»  әдісін пайдаланамын.  Әр оқушы өзінің жауабын  конвертке салады.Мен 2-3 оқушының жауабын дауыстап оқимын. Оқушылар белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.



 ТАПРСЫРМА

1 топ.Халық санының өсу динамикасын графикалық үлгіде көрсетіңіз. \stat.gov.kz.cайтынан қосымша 1897-2018 ж.ж.\

 2 топ.Ұлттық құрамын шеңберлі диаграмма немесе графиктік үлгіде көрсетіңіз.

3 топ.Діни құрамын диаграмма немесе графикалық үлгіде көрсетіңіз.\2009ж.с.б\


Дескриптор:

1.Халық санының өсу динамикасын графикалық үлгіде көрсете алады,халық санының өзгерісін салыстыра біледі.

2 топ.Ұлттық құрамын шеңберлі диаграмма немесе графиктік үлгіде көрсете алады, олардың орналасу аймақтарын анықтайды.

3 топ.Діни құрамын диаграмма немесе графикалық үлгіде көрсете алады,әр діннің үлес пайызын есептей алады.

ҚБ:  «Көңіл- күй  букеті» әдісін  пайдаланамын  Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.             Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

 Сары түс – барлығы түсінікті емес.

 Жасыл түс – барлығы  жақсы.


Сабақтың соңы 

Сабақты қорытындалаймыз

«Серпілген  сауал» әдісін  пайдаланамын.

1.Қазақстанда үлес пайызы жоғары этностарды атаңыз?

2.Қазақстан халқының  Ассамблеясы қашан және не мақстапен құрылды?

3.Әлемдік 3 діннің қайсысының үлес пайызы жоғары?

4.Қазақстанда  қандай діндер таралған, қай аймақтарды қамтиды?

5.Қазақстанда  мекен ететін ұлттардың таралу аймақтары?

Үйге тапсырма: Жаңа сабақты қайталау. «Халықтың діни құрамы»,«Халықтың ұлттық құрамы» тақырыбында баяндама дайындау.

 Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» арқылы жүргіземін


Саралау -  Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға

қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді  жоспарлап отырсыз?

                 

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауАқпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану.

Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай ұйымдастырылған.

Оқушыларға берілген тапсырмалар жұптық, топтық, сыныптық, жеке жұмыс жасауға негізделген.

Себебі толықтыру қажет пе, немесе қосымша көмек қажет пе, қолдау қажет пе деген мақсатта қарастырылған.

Сабақ үдерісінде ұйымдастырылған әдістер оқушылардың тапсырманы қабылдауына, сыни ойлау мен оқу мен жазу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған тапсырманы құрастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін «Желпуіш» әдісін қолдануға болады.Сабақ барысында  оқушылармен диалог орнатылды және сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырдым.  

Қабілетті  оқушыларға басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алатындарға «Ғажайып конверт»  әдісіндегі  халық санының өсу динамикасын графикалық үлгіде көрсету  үшін  stat.gov.kz.cайтынан қосымша 1897-2018 ж.ж. санақ беріледі.Дәл осындай тапсырма 2 топқа да берілді.

 

Бағалау әдістері: 

Қалыптастырушы бағалау барысында сабақтың әр кезеңінде оқушылардың оқу мақсатына жетуде материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийін негізге ала отырып және тапсырма дескрипторларға сүйене отырып,  қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданамын: мұғалімнің ауызша мадақтауы,

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Қызыл түс- Өте жақсы түсінген  

Жасыл түс   -Жақсы,әліде жетілдіру қажет  

Сары түс- Дайындық орташа    

ҚБ:  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

ҚБ:  «Көңіл- күй  букеті» әдісін  пайдаланамын  Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.

       Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

       Сары түс – барлығы түсінікті емес.

       Жасыл түс – барлығы  жақсы.

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы» арқылы жүргіземін

 

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану және 

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттарына сай құрылды.Сабақ мақсаттары қолжетімді болды. Сабақта саралаудың тапсырма, дереккөздер, қарқын,диалог және қолдау,жіктеу, бағалау, қорытынды  түрлерін тиімді қолдандым.Сабақ жоспарында ауытқулар болмады. Уақытты тиімді пайдаландым.

30 қазан 2020 г. 3 942 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 857 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930