» » КОЛЛЕДЖДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАМЕН ОҚЫТУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

КОЛЛЕДЖДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАМЕН ОҚЫТУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 Қазіргі жас ұрпаққа саналы да сапалы білім алуының бірден-бір себебі оқу орнындағы білім беру процесіне жаңартылған бағдарлама негізінде инновациялық технологияларды енгізу екендігі белгілі. Сондықтан жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап,өңдеп,нәтижелі пайдалану-әрбір ұстаздың негізгі міндеті.

Бүгінде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бір қатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Студенттердің кәсіби біліктілігін, дағдыларын қалыптасыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық жане әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығы негізінде барлық білім беру мекемелерінде  стандартқа сәйкес оқу үдерісі іске асуда.

       Студенттің мамандығына және курсына қарай математика пәнін оқыту, бұл жеке әрбір білімалушыға бағытталған оқытушының шығармашылық өнері. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Ал, осы аралықта аудиторияда отырған жас талаптарға өзінің санасында да көңілінде де сақталып қалатын із қалдырамыз. Ол шытырмандар мен жыраулар арқылы ақиқатқа, түсінуге, білімге деген із. Бірақ барлық студенттер еңбексүйгіш емес. Сондықтан әрбір жас талапты түсіну және жүрегіне жол табуы өте маңызды.

       «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен,шығармашылық пен таным субъектісі құдіреті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен студенттерді баурап әкететін субъект ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген Қазақстан Республикасы техникалық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету-білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Осы орайда ұлы ғалым-педагогтер (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы студенттердің ақыл- ой қабілеттері мен дербестігі дамытуға баса назар аударғаны тегін емес шығар сірә?!.

        Колледжде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр.Олардың бірі - математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл студенттердің математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады. Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады, ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.

      Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойсыз жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта колледждегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Студенттердің қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.

          Математиканы оқыту әдістемесінің колледждегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеу болып табылады.Мұның негізгі компоненттері деп математиканы оқытудың мақсатын,мазмұнын,әдістерін,формалары мен құралдарын тусіну керек.Математика пәнін оқыту өзінің қиындығымен ерекшеленеді. Математика пәнін оқыту  математикалық білім беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан, әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады. Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен математикалық ғылымды бір бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен қатар ол философия, математика, психология,биология, кибернетика және өнермен байланыста болатын педагогиканың шекарасы болғандықтан. Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:

Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;

Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және студенттердің танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;

Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырылушылық формаларды құру;

Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және оқытушының жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.

       Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады:

Математиканы не үшін оқу керек?

Нені оқу керек?

Математиканы қалай оқыту керек?

      Бағдарламада қарастырылған колледждегі математиканың мазмұны ондағы болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің әрбіреуінде колледжде оқыталатын пән бетінде өздерінің даму тарихы бар.  

      Оқыту әдісі дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі- бұл оқытушы мен студенттердің мақсатқа бағыттауға әрекеттерінің байланысқан түрі. Оқыту әдісі деп оқытушымен студенттердің белгілі бір дидактикалық мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін айтады.

       Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.Сабақта үнемі студенттердің өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырамаларды пайдалану керек. Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен студенттерді берілген тапсырмаларды орындауға уйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс. Оқушылардың индувиалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі типтегі тапсырмаларды қолданып олардың әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді дифференциялау.

       Уақыт талабына сай оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі, ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, инновациялық және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаратылыстану-математикалық ғылымдар пәндері арасында «тура тақырыптар» саны артады.

        Сондықтан қазіргі таңда білім беру үрдісі дәстүрлі білім беру жолдарынан таянып, жаңашылдықтарға бет бұруда. Осындай жаңашылдықтардың бірі пәнаралық кіріктіру болып саналады.

       Дәлірек айтқанда, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырып жүргізу мәселесі туындап отыр. Бір жағынан қарағанда, жоғары аталған екі ұғым бірдей сияқты, бірақ олардың айырмашылығы өте зор. Пәнаралық байланысқа бір сабақта әртүрлі екі немесе одан да көп пәндерден хабары бар, жан-жақты дамыған бір ғана ұстаздың әрекеттерін жатқызуға болады. Ал кіріктірілген сабақ деп екі әртүрлі пән ұстаздарының біліктілік және психологиялық үйлесімділігі және олардың бір пәнді тану жолында екінші пәнді қолдану шығармашылығын айта аламыз. Кіріктіру қандай да болсын пәндердің арасында жүзеге аса алады, бірақ ағылшын тілін басқа  пәндермен кіріктіру әсіресе тиімді деп ойлаймын.

       Сондықтан, кіріктіру сабағы тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы техникалық салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Осы артықшылықтар зерттеу жұмысымда басты назарға алынды. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды.Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.

       Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып,үйреніп,сараптай келе,тұжырым жасауға болады:

-білім алушылардың білім,білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады.

Қорыта келе, мен өз тәжірибемде жоғарыта айтып өткендей кіріктіріп оқыту әдісін қолданамын. Ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым: оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, өмірге деген өзіндік көзқарасы бар азамат тәрбиелеу.



Автор:

Болетова Нурзия Абилхайовна

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар 

колледжінің оқытушысы


Шымкент қаласы



09 ақпан 2021 г. 1 537 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930