» » Бағындырып шыңдарды

Бағындырып шыңдарды

«Туймаада» халықаралық олимпиадасында информатикадан қола, шахматтан Батыс Азия чемпионында бірінші орын, синхронды жүзуден Нұр-Сұлтан қалалық ашық кубогында бірінші орын, ағылшын тілінен республикалық және халықаралық олимпиадада қола медаль, республикалық эссе байқауында Гран-приді ұтып, талдықорғандық зияткерлер жеңіске жетті.

Нұрсұлтан Ерланұлы үшін беделді «Туймаада» олимпиадасының қола жүлдесі тосын сый болды, жас информатик күміспен үміттенді. Соған қарамастан, қола алдағы жарыстарға дайындалуға үлкен серпін берді. Бүгінде Нұрсұлтанның қоржынында республикада күміс пен қола, халықаралық деңгейде екі қола медальдары бар.

Дарынды шахматшы Алима Өмірсерік сәтті өнер көрсетті. Мальдив аралдарында өткен Батыс Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Патшалардың ойынына Алиманы Балқия әжесі үйретіпті.

 Алима 2018–2022 жылдардағы әйелдер арасында Алматы облысының чемпионы болып келеді.  Жарқын марапаттардың қатарында: 2018 жылғы Азия чемпионатының қола медалі, 2020 жылғы Анатолий Карпов атындағы халықаралық кубоктың алтын медалі (Мәскеу қ.), рапид және блиц-2022 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының қола медальдары, «Жазғы кубок» турнирінде классикалық шахматтың алтын медаль иегері.

— Екі ойыншы, екі стратегия, екі әскер, бір жеңімпаз. Әрбір адам шахмат ойнауды үйрене алады, бірақ онымен шындап айналысатындар аз. Шахмат менің мінезімді қалыптастырады, мені ақылды және төзімді етеді. Бұл таңқаларлық естіледі, бірақ бұл рас, мен жарысқанды, тезірек ойлануды және өз нәтижемді көргенді ұнатамын», — дейді Алима.

Синхронды жүзуден Амина Жанатбек Нұр-Сұлтан ашық кубогының жеңімпазы атанды. Дуэтте жас спортшы екінші орын алды.

Екі күн бойы өткен жарыста еліміздің әр өңірінен 80-нен астам спортшы бақ сынады. Амина болашақта Қазақстан чемпионы атанғысы келеді, қазір оның жетістіктер қазынасында Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдесі бар.

Анар Нұрмахан үшін жазғы демалыс нәтижелі болды. Республикалық пәндік олимпиадада ағылшын тілі пәнінен ІІІ орынды жеңіп алып, әріптесі Мәдина Түркебаймен бірге іріктеу пікірсайыс турнирінен сүрінбей өтіп, сонымен қатар республикалық экоконкурстың «Үздік бейнеролик» номинациясына ие болды.

Тоғжан Шами республикалық «Достық көпірлері» эссе байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Биылғы оқу жылында Талдықорған қаласындағы NIS қабырғасынан дарынды түлектер бітіріп шықты – бұл 99 зияткер, олардың 21-і еліміздің ең үздік университеті – Назарбаев университетіне, 21 түлек Американың, Ұлыбританияның, Италияның, Венгрияның, Ресейдің университеттеріне оқуға түсті. 


Пресс-служба NIS Талдыкорган
12 қыркүйек 2022 г. 1 039 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 497 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930