Республикалық ғылыми-практикалық конференция туралы
«UDU» International scientific-educational journal» журналы (ISSN: 2663-2543) 2020 жылдың 8-12 маусымы аралығында «Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтетіндігін хабарлайды.
Конференцияға қатысушылардың баяндамаларын қабылдау онлайн жүйеде өткізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігінің ресми сайтының «Ғылым» айдарында жарияланып отырады (2020 жылдың 8-12 маусымы аралығы).
Конференцияның жинағына Қазақстанның бүкіл облыстарының білім беру ұйымдарының педагог-мамандары, ізденуші жас ғалымдары мен зерттеушілері өз тәжірибелерін жібереді деп күтілуде.
Конференция туралы толық ақпаратты келесі байланыс нөмірі арқылы білуге болады: https://wa.me/77075609060 (Whatsapp)
Конференцияға баяндама және мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.
Ақпараттық хат
«Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
«Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы және «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы 2020 жылдың 8-12 маусымы аралығында «Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтетіндігін хабарлайды.
Конференцияға баяндамалар мен ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдау онлайн түрде жүргізіліп, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпарат агенттігі ресми сайтының «Ғылым» айдарында жарияланып отырады (2020 жылдың 8-12 маусымы аралығы).
Конференцияның жинағына Қазақстанның бүкіл облыстарының білім беру ұйымдарының педагог-мамандары, ізденуші жас ғалымдары мен зерттеушілері өз тәжірибелерін жібереді деп күтілуде.
Конференция аясында ұйымдастырушы комитеттің шешімімен «Үздік конференция баяндамашысы» номинациясы беріледі.
Конференцияны өткізу уақыты: 2020 жылдың 8-12 маусымы аралығы (онлайн түрде).
Ұйымдастырушы мекемелер: «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы, «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталығы, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры, Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы (по согласованию).
Ақпараттық қолдау: «Alashinform.kz» қазақ ақпарат агенттігі, «EDUNEWS.KZ» білім және ғылым саласындағы ақпараттық агенттігі.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты: Қазіргі отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, орта білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсету, саралау, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту тәжірибесімен кең бөлісу.
Конференцияға баяндамалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Конференцияға баяндама және мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі, қатысушылардың баяндамалары және басқа да ғылыми-педагогикалық еңбектері dala.ustazy@gmail.com электрондық жәшігіне жіберілуі қажет.
Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар: Беттердің форматы А4, шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1; оң жақтағы жоғарғы бұрышында ӘОЖ, 2 интервалдан кейін баяндама атауы бас әріптермен, қою шрифтпен жазылады, 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні, атағы, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан кейін, баяндама мәтіні азат жолдан; сілтемелер мәтіннің ішінде тік жақшамен беріледі (деректердің толық тізімі «Әдебиет» деген белгімен жұмыстың соңында беріледі); баяндама көлемі 5 бетке дейін.
Барлық сұрақтар бойынша «Ұлы дала ұстазы» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының редакциясына хабарласуға болады, тел: https://wa.me/77075609060 – Жұлдызай Болатқызы.