» » 2018-2020 жылдарға ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға 28,6 млрд теңге бөлінді

2018-2020 жылдарға ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға 28,6 млрд теңге бөлінді

 Биылғы жылы 7 басым бағыттар бойынша ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға 28,6 млрд теңге бөлінді.Бұл туралы БҒМ-нің ғылым комитетіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға байқау жариялайды. Жобалар ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша қаржыландырылады:

1. Табиғи, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылыстар

2. Энергетика және машина құрылысы

3. Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер

4. Өмір және денсаулық туралы ғылымдар

5. «Мәңгілік ел» ғылыми негіздер (ХХІ ғасырдағы білім, гуманитарлық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)

6. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі

7. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

«2018-2020 жылдары жүзеге асырылатын жобалар экономика, өндіріс және әлеуметтік сала секторларының іс жүзіндегі нақты қажеттіліктеріне бағытталған. Биылғы жылы гранттық жобалардың нәтижелілігіне жоғары талаптар қойылып отыр», - деп атап өтті Ғылым комитетінің төрағасы Әбдірәсілов Б.С.

2018-2020 жылдарға қаржыландырудың жалпы сомасы 28,6 млрд теңгені құрады.

Гранттық қаржыландыруға сұраным мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс, жәнеде жеке тіркеу нөмірі болуы керек.

Жобаны орындаушылардың қатарында 35 жасқа дейінгі жас мамандар, оның ішінде PhD докторанттары, магистранттар 30%-дан кем болмауы тиіс.  

16 тамыз 2017 г. 16 324 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 993 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930