» » СҚО-ның оқушылары Саураннан орта ғасырлық ыдыс сынықтарын тапты

СҚО-ның оқушылары Саураннан орта ғасырлық ыдыс сынықтарын тапты

Солтүстікқазақстандық мектеп оқушылары «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени орындарын аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі білім басқармасына сілтеме жасап
 Сапар танымал орта ғасырдағы Отырар қаласында археологиялық қазба жұмыстары аумағынан басталды.   «Аты әлемге әйгілі Отырар кітапханасының қираған орны оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты. Балалардың зерттеуге деген құштарлығы соншалық, олар ежелгі және орта ғасырдағы жазбалардың  жоғалған ескеркіштерін іздеуге дайын болды», - деді білім беру саласындағы әдістемелік жұмыстар мен ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Денис Виноградов.   Солтүстікқазақстандық мектеп оқушылары қазба жұмыстарына қатыса алды. Олар танымал орта ғасырлық Сауран қамал-қаласының орнынан орта ғасырға тиесілі саз ыдыстың сынықтарын тапты. «Білім алушылар гидтің ақпараты арқылы Сауран қаласының бірегей су жүйесін біле алды. Қуатты қамал соның арқасында бірнеше ай бойы жаудың соққысына шыдас берген», - деп атап өтті  Денис Виноградов. Қоғамда балалар «Ғайыр берген» құдығынан су алып ішті. Аңыз бойынша, бұл судың емдік қасиеті бар және оны тек жүрегі таза адамдар ғана алады. Сондай-ақ олар Түркістандағы Қожа Аяхмет Яссауи мавзолейіне зиярат жасап, тарихи-этнографиялық орталыққа барды.  
  


24 тамыз 2017 г. 13 442 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 995 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930