» » Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жетістіктері

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жетістіктері

 ҚазҰУ алғаш рет 1934 жылы 15 қаңтарда 54 студентпен ашылған екен, ал қазіргі кезде 25 мыңнан астам студент оқиды. Осыдан 90 жыл бұрын физика-математика, биология факультеттері болса, бүгінгі таңда олардың саны 16-ға жетті. 1941 жылға дейін 14 білім беру бағдарламасы бекітілсе, 2023-2024 оқу жылында олардың саны 550-ден асты.
Қазіргі таңда университетте ҚР Ұлттық ғылым академиясының 11 академигі, ҚР Жоғары мектебінің 3 академигі, ҚР Жоғары мектебінің Ғылым академиясының 8 академигі, Ғылыми Ұлттық академияның 7 корреспондент-мүшесі жұмыс істейді. Сондай-ақ университеттің дамуына 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD докторы үлес қосуда. 3354 профессор-оқытушы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  дипломы –  халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар негізінде білім беретін, жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшы, еліміздің ең мықты университетінің «бет-бейнесі». Бұл университетті таңдау арқылы үлкен корпорацияның бір бөлігіне айналуға болады. Табысты ЖОО – бұл тек талантты оқытушылар, жетістікке жеткен түлектер ғана емес, сонымен қатар ең ақылды студенттер.
Мәселен, 2023-2024 оқу жылына 10719 талапкер қабылданып, өткен жылмен салыстырғанда студенттер саны 3000 адамға артты. ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы-2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл жетістіктер Ұлттық ғылым мен білімнің бәйгесінде топ жарып, әлемдік аренадағы университеттермен терезені тең ұстау тұрғысында жаһанданып жатқан алдыңғы қатарлы білім ордасы екенін көрсетеді.
ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүсік Америка, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 650-ден астам ЖОО-мен және ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста. Өткен жылы 80-нен астам серіктестік құрылды, 54 елден 3928 шетелдік студент білім алуда.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Түркияның Ыстамбұл қаласында және Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкекте ҚазҰУ филиалдары ашылды. Сондай-ақ университет базасында Ресей Ұлттық ядролық зерттеу университетінің МИФИ (Мәскеу инженерлік физикалық институты ) филиалы жұмыс істей бастады.
2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік – Батыс Политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісіп, 12 қазан айында филиалдың ашылу салтанаты өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық сыныптар пайдалануға берілді.
Университеттің доценті, биология ғылымдарының докторы Меруерт Құрманбаева елімізде бірінші болып көпжылдық бидайды өндіру әдісін ойлап тапты. Көпжылдық бидайды бір рет қана егіп, 5-6 жыл қатарынан өнім алуға болады. Қазіргі уақытта ғылыми жобаға патент алынып, оны нарықа шығару жұмыстары жүргізілуде.
Универститеттің 90 жылдығына орай ҚазҰУ Орталық Азиядағы алғашқы Индустрия 4.0 модельдік зауытын құруды жоспарлап отыр.
ҚазҰУ «Инновациялық технологиялар паркі» Tech Garden автономды кластерлік қорымен бірлесіп, өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы жаңа стартаптарға қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, Қытай үкіметімен келісілген Силикон алқабының моделі негізінде ІТ-технологиялық парк құру бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Секундына 110 триллион операцияны (110 Тфл) орындайтын суперкомпьютер орнатылып, деректерді өңдеудің бірыңғай орталығы құрылуда.
2024-2027 жылдар аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ҚазҰУ-де жалпы саны 3180 орындық үш заманауи жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, оқу ғимараттары, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, қызметкерлерге арналған тұрғын үй, инновациялық орталық, ғылыми орталық және технопарк салу жоспарлануда.
  Философия және саясаттану факультетіне тоқталатын болсақ, бұл факультет 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды, Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Онда үш тілде білім береді. Бағдарламалар шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған, ақпаратты жаңа сапалы деңгейде алуға, жүйелік байланыстарды түсінуге көмектеседі. Факультет құрамындағы 6 кафедрадағы белгілі ғалымдар, тамаша педагогтар студенттерге таңдаған мамандықтарын жете меңгеруге, университет қауымдастығына тиесілі екендіктерін сенуге көмектеседі. Осы факультетте кәсіби және өмірлік мәселелердің шешімін өзіндік шешу стимулдарын; интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерге қанағаттану сезімін сезіндіре отырып, таланттарын ашады; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйретіп, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін қалыптастырады.
Менің сүйікті университетім – кәсіби болашағымның іргетасы, деп үлкен сенімділікпен айта аламын.

www.kaznu.kz

Автор: Болатова Дана,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2 курс студенті.
Практика жетекшілері:
аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат;
аға оқытушы Сәрсембаев Р.М.








17 маусым 2024 г. 2 591 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 16 728 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30