» » Конституцияны жатқа білемін!

Конституцияны жатқа білемін!

 Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 3-ші мәрте «Конституцияны жатқа білемін!» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығына арналған облыстық конкурсы өтті.Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.             

 Ережеге сай байқау екі бөлімнен құрылды. Бірінші бөлімде қатысушылар 20 минуттың ішінде Конституция бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, екінші бөлімде Конституция баптарын жатқа айту бойынша сынақ тапсырды.Конкурстық комиссия шешімімен   Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің грантына Ізбасқан Іңкәр Нұрланқызы, Хайрулина Аида  Аманқосқызы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің білім грантын иеленді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығының білім грантымен  Сенбек Мейірбек Дүйсенбекұлы марапатталды.Сонымен қатар, үздік білімдерін көрсеткен бірқатар жеңімпаздар Махамбет атындағы қазақ драма театрының, «Бейбарыс» хоккей командасының бір маусымдық билеттері мен «Мұнайшы» бассейніне бір жылдық тегін абонементтерге ие болды.

   
31 тамыз 2017 г. 4 381 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 920 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031