» » Діни терроризм мен экстремизмге қарсы тұру әрекеттері жайында жиын өтті

Діни терроризм мен экстремизмге қарсы тұру әрекеттері жайында жиын өтті

 Кеше экономика және бизнес факультетінде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен діни терроризм мен экстремизмге қарсы тұру әрекеттері жайында жиын өтті. Жиынға аталмыш факультеттің 1 курс студенттері қатысты.

Кездесуге облыс әкімдігі дін басқармасының проблемаларды зерттеу орталығы, талдау бөлімінің инспекторы Елнұр Әскенұлы мен Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Марал Алтынбекова қатысып, сөз сөйлеп, жиналғандарды ашық пікірге, сауатты ой қозғауға шақырды.

Діни экстремизм мен терроризм қауіпіне қарсы тұру мәселелері бойынша Елнұр Әскенұлы баяндады. Ол діни экстремизмнің қай аймақта болмасын (Қазақстан бойынша) таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтті. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр деді. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы әлі күнге өзектілігін байқатуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештеңені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр деді.

Ал, Марал Алтынбекова ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Кейбір сайттар адамды бірден қарулы жихадқа шығып, зайырлы билікті құлатуға шақырмай-ақ, зайырлы билік немесе өзге діндегілер туралы сыни пікірлер білдірмей-ақ, ел ішіне іріткі салуда. Мұндай сайттардың сыртқы безендірілуі де тек исламға арналған ақпараттық портал түрінде берілуі мүмкін. Олардағы басты мақсат мемлекетте ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінді бөлшектеуден басталады. Мұндай сайттардың ортақ ұраны «Таухид – бұл мақсат, ал жихад – оны жүзеге асыру жолы», «жихад әркімнің жеке міндеті» деген ой. Бұл ой ашық немесе жасырын түрде мейлінше белсенді түрде таратылады, танылатынын айтып өтті.

Жиынға қатысқан студенттер «Салафиттердің өзгешелігі қандай?», «Қандай имамдардың уағыздарын тыңдау керек?», «Жоғары оқу орнында ішкі тәртіптің сақталуына дін талабы қарсы ма?» деген өзекті сауалдарды ортаға тастады. Бұл сауалдарға дін саласының мамандары жауап беріп, мәселені жан-жақты түсіндірді.

Ләззат Талғатқызы

08 қараша 2017 г. 6 071 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 238 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031