» » Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істер талқыланбақ

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істер талқыланбақ

27 қыркүйегінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет істері жөніндегі агенттік департаменті мен қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының бастамашылығымен «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: ұлттық заңнаманың имплементациясы және ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі, деп хабарлайды университет баспасөз қызметі.

Дөңгелек үстел жұмысына жергілікті мемлекеттік орган және мекеменің, қоғамдық бірлестік, жоғары оқу орындарының, ОКБ мекемелерінің, мектеп және мектепке дейінгі білім беру орындарының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел бағдарламасына білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жүзеге асырудың өзекті сұрақтары бойынша алтыдан астам баяндама енгізілді. Сонымен қатар білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тәжірибесін қарастыру үшін «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі және мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау және алқалық басқарудың рөлі» және «ОКБ және ЖКБ жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің заманауи құралдары мен механизмдері» тақырыптарында 2 секция жұмысы жоспарлануда.

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер мен құралдарды тәжірибеде қолдануға ынталандыру мақсатында дөңгелек үстел қатысушыларына әдістемелік жасақтамалар ұсынылады.

Дөңгелек үстел соңында оның белсенді қатысушылары марапатталады.

19 қыркүйек 2018 г. 1 557 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31