» » Талдықорғандық оқушы Гарвардқа түсті

Талдықорғандық оқушы Гарвардқа түсті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов Гарвард университетінен шақырту алды, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.

Жоғары оқу жетістіктері, көшбасшылық қасиеттер, үлкен жұмыс қабілеттілігі Сезімге өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені, АҚШ-тағы ең танымал университеттердің біріне түсу - бұл кездейсоқтық емес, қажырлы еңбектің нәтижесі.

Гарвард - жоғары білім беру стандарттарымен танымал американдық, элиталық университеттердің бірі.

Сезим Гарвардтың компьютерлік ғылымдар бөлімінде бакалавриатқа түсуді жоспарлап отыр.

- Мені әрқашан ақпараттық технологиялар теориялық және математикалық тұрғыдан қалай жұмыс жасайтыны қызықтырады. Қазіргі уақытта мен Java, C ++, PHP сияқты бағдарламалау тілін үйрендім. Мен сондай-ақ түрлі веб-сайттарды жасағанды, деректі фильмдер түсіргенді және редакциялағанды ұнатамын, - дейді болашақ студент.

Математи пәнінің мұғалімі Даутова Зухра Нурлыхановнаның айтуынша, Сезімнің болашақта табысты маман болуға барлық мүмкіндігі бар. Ол өз бетінше оқуға қабілетті, белгілі бір мәселелер мен сұрақтарды шешудің әртүрлі нұсқаларына ие. Мақсаттылық пен саналы басымдылық - оның ең мықты қасиеттері.

Оның тапқырлығы тек математика сабағында ғана емес, жалпы мектептің өзін-өзі басқару «Көшбасшылық» саласында көрінді. Мектеп қабырғасында Сезім бірқатар еріктілер қозғалысын ұйымдастырды, кәсіптік бағдарлау комитетін ашты және БҰҰ моделі ойыны бойынша қалалық конференция ұйымдастырды. Сонымен бірге ол информатика және қазақ тілі пәндерінен «Жас ғалым», «Дарабоз» атты халықаралық, республикалық олимпиадаларының жүлдегері және жеңімпазы атанды.

- Сезім, менің ойымша, республиканың көптеген мектеп оқушылары үшін өзінің табандылығы мен нақты жоспарлау қабілетінің арқасында әлемдегі ең үздік университетке түсе алған адамның үлгісі болды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарихында Сезім - Гарвардқа шақырылған екінші оқушымыз», - дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерали Бижанов өзінің сұхбатында.


Дереккөз:edunews.kz Ақпарат Агенттігі
08 сәуір 2021 г. 1 761 0

Похожие новости:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031