» » Microsoft Қазақстанды жаңа өңірлік менеджер – Сергей Лещенко басқарады

Microsoft Қазақстанды жаңа өңірлік менеджер – Сергей Лещенко басқарады

Алматы, 15 сәуір 2021ж. – Microsoft Қазақстандағы Microsoft-қа өңірлік менеджер болып Сергей Лещенко тағайындалғанын жариялады.

Өңірлік менеджер ретінде Сергей компанияның стратегиялық дамуымен, қазақстандық тұтынушылармен және серіктестермен тығыз әріптестік қатынастар орнатумен айналысатын болады. Одан өзге, ол Microsoft компаниясының жергілікті нарықтағы басымдықтарының бірі болып табылатын сандық трансформацияны осы елде қолдауға жауапты тұлға болады.

 

«Қазақстандық нарық – Орталық және Шығыс Европадағы маңызды дамушы аймақ, сондықтан мен үшін Microsoft-тың Қазақстандағы командасына қосылып, оны басқару – үлкен мәртебе.Мен елдегі цифрландыру үдерісіне өз үлесімді қосу үшін Microsoft-тағы әріптестермен, тұтынушылармен және серіктестермен, сонымен қатар үкіметпен және қоғаммен қызметімді бастауды асыға күтудемін», - деді Сергей Лещенко.

Сергейдің байланыс, мобильдік өнімдер және инновациялық технологиялар саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

*******

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq "MSFT" @microsoft) "интеллектуалды бұлт" және "интеллектуалды технологиялар"дәуірінде сандық түрлендіруге жағдай жасайды. Компанияның миссиясы-планетадағы әрбір адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыстарға хабарласуыңызды өтінеміз:

ОльгаГлебова, коммуникация маманы, Microsoft |CEE Multi-Country| (066) 144 13 19, a-olgleb@microsoft.com

 ДанияУтеева, PBN Hill+Knowlton Strategies, +7 (778) 555 41 24, v-duteyeva@microsoft.com
16 сәуір 2021 г. 16 665 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930