» Рухани құндылықтарды насихаттауға кітапхананың ролі

Рухани құндылықтарды насихаттауға кітапхананың ролі

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы идеологиялық бағытты айқындайды. 

Онда бұқаралық сананы жаңғыртуға арналған «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» т.б.жобалары мен «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілді білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламалары мәдени және рухани байлық көзі сақталатын орын, кез-келген деңгейдегі кітапханалар жүйесіне де тікелей қатысты.           

  Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен ұрпағымыз білімді,рухани деңгейі жоғары болуы қажет.Ол үшін адам көп оқып, көп ізденуі керек.Түсінген адамға кітап-баға жетпес байлық.

Қазақ халқы кітапты қасиетті,құдіретті зат деп түсінген. «кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы», «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес» деп кітапты жоғары бағалаған.

Кітапхана-рухани байлық

 

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу,кітапты насихаттау.

 

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер

Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, ең алдымен ұрпағымыз білімді, рухани деңгейі жоғары болуы қажет. Ол үшін адам көп оқып, көп ізденуі керек. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық .

Қазақ халқы кітапты қасиетті, құдіретті зат деп түсінген. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы», «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес» деп кітапты жоғары бағалаған.

Кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Кітап-өнер, кітап-білім бұлағы, адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр

Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық .

Кітапхана қызмет көрсету бағытына қарай: ғылыми кітапханалар, көпшілік кітапханалар, балалар кітапханалары және оқу орындары кітапханалары болып бөлінеді.

Кітапханашыға әр түрлі саладағы кітаптар мен ақпаратты сақтап, реттеп дер кезінде, тез арада оқырманға жеткізілуіне кітапхана-библиографиялық жіктеу көмекке келеді.

Осы ғылым салаларының қайсысы болсын өз тарихы, негізін қалаушылары бар. Ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап. Кітап ғасырлардан ғасырға өз қазынасын сақтап, жеткізбесе Күлтегін, Қорқыт, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Абылай хан, Шоқан Уалиханов және басқа ақын-билер, қоғам қайраткерлері туралы мәлімет біздің заманымызға дейін жетер ме еді? Кітаптың арқасында ғасырлар бойғы адамзат тәжірибиесі жинақған ой маржанымен таныса аламыз.

Осы асыл қазынаны өміріңе серік етіп, кітап сүйер қауым қатарына қосыл, жас дос!

Кітап көпті көрген көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да, сырласың.

Білімді сүйсең кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досына,

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Кел, жас дос, ізденейік қосыла.

Кітап көрмесімен танысу

   Оқу орны кітапханасы қабырғасында әр түрлі ауқымда ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар білім алушы жастарды патриоттық рухта және адамгершілік құндылықтар қағидаларына тәрбиелеуге негізделген. Олар - тақырыптық кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, акциялар, әдеби, ғылыми-танымдық кештер, мамандар күні, апталықтар, семинар-тренингтер, конференция т.б. түрінде өткізіледі. Мысалы, бір ғасыр бұрын құрылған «Алаш» партиясы тарихын және сол кездегі ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясы өкілдері мен жаппай репрессияға ұшыраған қазақ азаматтарының өмір деректерін баяндайтын кітаптар, газет-журналдар, фото-құжаттар оқырмандар назарына «Алаш Орда-100 жыл» тақырыбында кітап көрмесі жанындағы әңгіме түрінде ұсынылды..

орыта айтқанда, кітапхана - мәңгілік елдің рухани мұрасын дамытатын, сақтайтын және насихаттайтын ақпараттық орта. Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін, кемел келешегін зерделеп, жаңа заман тарихын қалыптастыратын білімді де білікті, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеп, көздеген мақсаттарына бағыт-бағдар беретін қуатты мекен. Ұлт болашағы бүгінгі жастар қолында, олай болса, оларды рухани тәрбиелеуде табандылық танытып, кітапхананы рухани құндылықтар сақталған интелектуалды шығармашылық ортаға айналдыруға бірлесе күш жұмсайық!


Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

«Асан » ЖОББМ

Кітапханашы:

Сагидуллина Бибинұр Есболатқызы


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
---
27 қаңтар 2020 г. 1 665 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 250 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031