» » «Рухани жаңғыру» орталығында жаңа кеңсе

«Рухани жаңғыру» орталығында жаңа кеңсе

Жәңгір хан университетінің «Рухани жаңғыру» орталығы биылғы оқу жылындағы алғашқы жиынын жаңа кеңседе өткізді,- деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы уақыттың жоспары талқыланды. «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Венера Есенғалиева жиынға қатысушыларды орталық жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Белгілі саясаткерлер мен мемлекеттік құрылым өкілдері, танымал кәсіпкерлер, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қоғамдық дәрісі – «Public lecture» студенттердің сұранысына ие болды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» орталығының көптің қызығушылығын оятқан тың жобаларының бірі – облыс тарихы мен киелі жерлерінің географиясы бойынша жарыққа шыққан екі альманах. Ерекшелігі – магнитті суреттермен бірге аталған аймақ немесе тұлға туралы ақпарат ұсынылған. «Тарихы терең Ақжайық» жинағы өңірімізден шығып тұтас елге танымал болған тұлғаларға арналған. Олар: тарихта аты қалған қайраткерлер және тәуелсіз елдің туын байрақты бәсекелерде желбіретін жүрген замандастарымыз. «Батыс Қазақстан облысы тарихи-мәдени және табиғи мұралар» атты екінші жинаққа аймақтағы қасиетті орындар мен нысандар, табиғаттың тамаша тартуларының нақты мекен-жайы көрсетіліп, қысқаша анықтама берілген. Магнитті-ақпаратты жинақтарды көреміз деушілер «Рухани жаңғыру» орталығына хабарласа алады. Орталық биылғы оқу жылында да осындай тағы 2 альманах шығаруды жоспарлап отыр.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі.
02 қазан 2019 г. 7 955 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031