» » «Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова Бахытгуль Саматовнаның анасына арнау

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова Бахытгуль Саматовнаның анасына арнау

«Педагог» мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығы директоры Ногайбекова   Бахытгуль Саматовнаның анасына арнау:

         Әз ана

Өлең жолын «Әз ана»деп атадым,

Үлкендерден жүрейін деп бата алып.

Ақ батаңыз бастайды екен ақ жолға,

Шалыс басып кетпесін деп шатасып.

Мәнге толы «Әз ананың» ғұмыры,

Орны бөлек биік мінген тұғыры.

Саналының санасына сіңірер,

Ғажап екен педагогтық  ұғымы.

Әнге толы қазағымның тірлігі,

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.

Тілегім көп «Әз анаға» арнаған,

Қабыл алшы шәкіртіңнін жыр гүлі.

Мәңге толы Әз ананың ғұмыры,

Абай сынды даналардың сынығы.

Елі үшін игіленген еңбекпен,

Лайланбасын бұлақтайын тұнығы.

Онда жатыр қанша-қанша ұлылық,

Онда жатыр таусылмайтын жылылық.

Әз ананың әрбір айтқан сөздерін,

Терең ойлап,астарынан мәнін ұқ.

Ұстаз деген тура жолға үндейді,

Білімсізді ақылменен емдейді.

Болсадағы басқа күйбің тіршілік,

Шәкірттерім, балаларым кел дейді.

Ұрпағымен өмір жолы жалғанады,

Биік  тұтам қашан  да Әз ананы.

Сіз барда жүре берем қиын жолмен,

Алар менің асуым алда әлі.

                                 


Бақтыгул Досалиева,

ЖШС «Гульжан» б/б 

аға тәрбиешісі

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы

11 ақпан 2020 г. 317 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829