» » Досалиева Бақтыгүл Әліхожақызының шығармалық жұмысы

Досалиева Бақтыгүл Әліхожақызының шығармалық жұмысы

 








«Гульжан» бөбекжай балабақшасының директоры К.М.Ускеноваға арнау: 

Сиқырлы қалам жазды күз туралы,

Өзім жайлы болады бір шумағы.

Күрең күз жақсылығын сыйлап келе жатыр,

Мына алуан өмірге біз туғалы.

Тайталасқан өмір ғой күресі мың,

Қалай естен шығарам жақсы есімін.

Күз айында келіп ем бұл бақшаға,

Ақтасам деп ұжымның бар сенімін.

Бір жылға толып қаптау мен келгелі,

Бөліп-жарып көрмеді шын керегі.

Төртеуінде түгелдеп төбедегі,

Әрине басшымыздың бұл еңбегі.

Көкейімді кейде толы шер қысқанда,

Арманым жапырақтай жерге ұшқанда.

Үрледі сөніп қалған бір сәулені,

Алға қарай жету үшін бір мақсатқа.

Баубақша тамаша ғой өз гүлімен,

Әр бір жан жүрсе екен өз ізімен.

Адамдардың аңсаған дүниесі,

Дәл осылай жетсе екен мезгілімен.

Әкем асыл жан еді, шешем мықты,

Мен солардан алып ем тектілікті.

Сүрінгенде демеген, жылу берген,

Сыйлаймын, сыйлап өтем бұл кісіні.

Ия, өмірде бұл күнде бәрі шалғай,

Заманның байқаймын ғой зары сондай.

Үйірінен адасқан бір құлынды,

Топқа қосқан айналайын апайым ай!




Туысым-түптамырым

Киелі шаңырақ қызы мен болатынмын,

Ұясы еді тәрбие мен мол ақылдың.

Сол ұядан алыстап кете барғам,

Қауырсыны қатқанда қанатымның.

Онда адамдар болатын сыйласымды,

Үлкендерге дейтұғын ій басыңды.

Ағаштың тарам-тарам тамырындай

Бір бұтақтан төгілген мәуе сынды.

Әкем асқар тау еді,түбі текті,

Білімді еді, дұшпанын сөзбен жықты.

Ал анашым жаралған күн нұрынан,

Жатыр еді бойында үлгілі мән.

Қимай қарап ойланам кейде артыма,

Қыйыр-қисық жол қалған жота-қырға.

Жолаң-жолаң жол болған жосын үлгі,

Өркенді елдің болады көші нұрлы.

Мен өткеннен кейін де оқысын жұрт,

Сағынышпен жазылған осы жырды.

Алатаудай ұлдары бар түр-тұлғалы,

Әп-әдемі қызғалдақ қыз туғаны.

Арқасында қалды міне көп немере,

Осылай болу керек шығар мүмкін бәрі.

Мен күткен аппақ таңым атты ақырын,

Тым ұзақ болсадағы мың шақырым.

Мақсат біреу,мүдде біреу,арман біреу,

Әке-шеше атына кір келтірмеу!


Автор: Досалиева Бақтыгүл Әліхожақызы
ЖСШ Гульжан балабақшасының
аға тәрбиешісі
Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы

26 қараша 2019 г. 2 130 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 946 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031