» » Шағын жинақты мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа технология әдістерін пайдалану

Шағын жинақты мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа технология әдістерін пайдалану

Кыдырканова Алия Кыдырканқызы

"Үштөбе негізгі орта мектебі"

қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы ,Үштөбе ауылы

 

 

  Шағын жинақты мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа технология әдістерін пайдалану

  Константин Ушинский: « Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен,олай болса сапалы білім беру мақсатында қазақ тілі сабақтарында жаңа әдіс –тәсілдерді пайдалану әрбір жаңашыл мұғалімнің негізгі мақсаты десек артық айтқандық болмас.Білім берудің жаңа жолын тауып,оқушыға жан-жақты білім берсе, жаңашыл заманда-жаңа бағыт ұстанған азамат тәрбиелеп шығаратынымыз сөзсіз болар еді.Заман талабына сай сабақ беру,тиімді әдіс тәсілдерді пайдалану қажеттілігі еріксіз мұғалімнің жаңа идеяларды ашуына ықпал етеді.Бұл-заман ағымына сәйкес,әрбір мұғалімнің басты міндеті.

   Қазіргі уақытта оқытудың тиімді әдіс –тәсілдері білім саласында жүйелі пайдаланылуда. Білім берудің негізгі мақсаты-осы әдіс –тәсілдерді дұрыс игеріп қана қоймай, сабақ барысында жан жақты,тиімді пайдалана отырып,өз шәкірттеріне сапалы да саналы білім беру,өз сабақтарында шәкірттерінің қызығушылығын арттыра отырып,дұрыс білім беріп,бәсекеге қабілетті, білімді,отаны үшін отқа түсетін саналы азамат тәрбиелеу.Соның ішінде білім беру саласында оқушылардың функционалдық сауаттылғын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Функционалдық сауаттылық-шығармашылық бағыттағы тапсырмалар орындау.

   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту оқушылардың жүйелі ойлауын дамытып, алған білімін өмірдің қай саласында да қолдана алатын тиімді əдістемелік жүйе. Функционалдық сауаттылықты дұрыс игерген оқушы өмірде кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болады, болашақта мықты маман иесі болады.Функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлға ретінде əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек деп айтуға болады.Мен өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдаланамын.Бұл  технология оқушылар үшін ерекше шешім қабылдауға түрткі болып, олардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына жетелейді.Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптаса отырып, ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;жауапкершілік  сезімі ұлғаяды, ұқыптылық, бірін-бірі, өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады.Қазақ тілі сабақтарының басым бөлігінде айтылым,жазылым,тыңдалым бағытындағы тапсырмалар. Бұл  тапсырмалар оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру мүмкіндігіне жол ашады және оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді.Ал аталған дағдыларды ары қарай меңгерту, дамыту, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізу мұғалімнің құзырында.Ол үшін қазіргі уақытта пайдаланылып отырған жаңа заманауи әдіс-тәсілдердің алар орны ерекше.Дұрыс қолданылған әдістер оқушының топпен жұмыс жасай отырып,тілдік қарым қатынасының дұрыс дамуына әсер етеді. сонымен қатар шәкірттің сабаққа деген ынтасы артып,сабаққа деген қызығушылығы артады,белсенділігі жоғарылайды,өзіне деген сенімі артады. Ал әдістерді пайдалану барысында оқушының жеке бас ерекшелігін,даму бағытын ескерген жөн,олардың өздеpінің ізденуіне, өздеpіне тaлaп қoюғa, oйлapын еpкін жеткізуге мaшықтaндыру қажет.

Мысалы қазақ тілі сабақтарында «Шаттық шеңбері», «Ыстық орындық», «ББҮ» кестесі «Ойлан,жұптас,бөліс», «ДЖИГСО», «ВЕНН» диаграммасы, «Класстер құрау», «Сиқырлы қалам», «Қарым қатынас аймағы»,«Постер қорғау», «Пікір сызығы», «Эмоциялар графигі», «Маңыздылық аймағы» сияқты әдістермен қатар түрлі рефлексия мен кері байланыс түрлерін, бағалау парақтары (өзін-өзі бағалау,өзгелерді бағалау парақтары) пайдалануға болады.Бұл әдістер оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерден шағын әңгіме құрастыруға көп көмегін тигізеді.Оқушының шығармашылық дамуына үлкен әсер етеді. Аталған әдістер барысында топтық жұмысты ұйымдастыру да өз тиімділігін береді.Оқушылар арасында топпен жұмыс жасау барысында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады,өзіне өзі баға береді, сенімділігі артып,  ойлау, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында оқушылардың:шығармашылық,танымдық, зерттеушілік,мәнерлеп оқу қабілеті қалыптасып,табиғи дарыны артады.

 Өз іс тәжірбиемде аталған әдістерді пайдалану барысында оқушылардың оқу сауаттылығы,шығармашылық дамуы жоғарылағанын көрдім.Мұғалім әр оқушыны зерттеп,тапсырма беру барысында оның деңгейін,қызығушылығын ескеріп, қабылдау қабілетіне қарай,оны дамыту жолдарын қарастыра отырып,тапсырмалар дайындау қажет.Және оқушыға берілетін тапсырмалар бірізді болмауы шарт .Яғни, жеңілден ауырға сипаттағы тапсырмалар орындата отырып,тапсырмаларды бірте бірте күрделендіре берген дұрыс.Осындай жұмыстар нәтижесінде төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

- топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдап,пікірталасқа түсе білуі

-өзін өзі бағалауы,

- проблемалық жағдайларды көре отырып,өзіне мақсат қоя білу;

- қажетті ақпараттық мәліметтерді жинақтай білу

- өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;

Өз сөзімді Aбaй атамыз айтқандай «...егеpде есті кісілеpдің қaтapындa бoлғың келсе, күніне біp мәpте, бoлмaсa жұмaсынa біp мәpте, ең бoлмaсa aйынa біp мәpте өзіңнен-өзің есеп aл! Сoл aлдыңғы есеп aлғaннaн беpгі өміpді қaлaй өткіздің екен, не білімге, .. не дүниеге жapaмды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жoқ, бoлмaсa, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қaлыппысың?» демекші,әр адам өзінен бастап өзгеріске ұмтылуы керек деп аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Білім технологиялары №3 2014

2.Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М.  Әдебиетті оқытудың инновациялық  технологиясы. - Өскемен, 2002.

17 мамыр 2023 г. 682 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 813 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930